Текст страницы
30
KZ
• Шәйнекке су құю үшін шәйнектің тұтқасынан (5)
ұстаңыз, оны түпқоймадан алыңыз (7), қақпақтың
тұтқасынан (4) ұстап, қақпақты (3) алыңыз.
• Құтының ішкі бетінде орналасқан шәкіл (1)
бойынша шайнекті «MAX» белгісіне дейін сумен
толтырыңыз.
• Қақпақтың (3) мықтап жабылғанына көз жеткізіп,
қақпақты (3) орнына салыңыз.
• Сумен толтырылған шайнекті түпқоймаға (7)
орнатыңыз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на тығыңыз.
• Шайнекті қосу үшін сөндіру/қосу (6) түймесін «I»
күйіне келтіріңіз, сол кезде шәйнек ыдысының ішкі
жарығы қосу/өшіру (6) түймесінде жанады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ыстық буға күйіп қалмас
үшін, шайнек шүмегінің (2) үстіне еңкеймеңіз.
• Су қайнаған кезде, шайнек өздігінен сөніп қалады,
ал қосу/өшіру түймесіндегі (6) индикатор өшеді.
Суды төгіңіз және суды қайнату рәсімін бірнеше
рет қайталаңыз.
• Алғашқы қайнату нәтижесінде алынған ыстық
суды тамаққа қолдануға кеңес берілмейді, оны
тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдалануға
болады.
ЭЛЕКТР ШАЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ
• Шайнекті жабық кеңістікте, мысалы, шкафқа
немесе жабық құрылымдарға орналастырмаңыз
және пайдаланбаңыз – бұл оның сынуына, пай-
даланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруіне
әкелуі мүмкін.
• Бейтарап жуу құралдарын пайдаланып шайнек
(1) құтысын жуыңыз, шайыңыз және кептіріңіз.
Құтының сыртқы бетін (1) сәл дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз. Осы
мақсаттарға абразивтік тазалау құралдарын және
қатты жөкелерді пайдаланбаңыз.
• Шайнекті қосар алдында құтыда (1), қуаттандыру
бауында, қуаттандыру бауының айырында ылғал
тамшысы болмауын тексеріңіз.
• Шайнектің өшірулі екендігіне, қосу/өшіру түй-
месінің (7) «0» күйінде екендігіне көз жеткізіңіз.
• Бұйымның төменгі панелінде немесе түпқойма-
сында көрсетілген қуаттандыру кернеуінің пара-
метрлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Құтының сыртқы және ішкі бетін (1) таза, шаңды
жою үшін сәл дымқыл матамен сүртіңіз.
• Шайнек түпқоймасын (7) қатты, орнықты, тегіс,
тайғақ емес, металл емес бетке жылу көздері
беттерінің шетінен барынша алыс қашықтықта
орнатыңыз.
Ескертпе: түпқоймада (7) қуат сымын орау үшін
орын (8) бар, оны сәйкесінше қою арқылы қуат
сымының оңтайлы ұзындығын таңдаңыз.
• Шайнек түпқоймасын (7) қатты, орнықты, тегіс,
тайғақ емес, металл емес бетке жылу көздері