Инструкция электрочайник RED SOLUTION COLORSENSE AM108D

Страница 13 (стр. 13 из 24)

Бренд: RED

Страница 13 документа Электрочайник RED SOLUTION COLORSENSE AM108D. Раздел: Электрочайники. Бренд: RED.

Текст страницы

AM108D
KAZ

Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде
сақтап қойыңыз. Құрылғыны дұрыс пайдалану оның қыз-
мет ету мерзімін айтарлықтай ұзартады.

• Құрылғыны тек жерге тұйықталған розеткаларға қосыңыз -
бұл электр қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қол-
дана отырып, оның жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
• Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе
тасымалдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сы-
мынан емес, штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шыға-
рыңыз.

Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар
құралды қолдану кезінде туындауы мүмкін барлық жағдай-
ларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде қолда-
нушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап қызады! Абай
болыңыз! Аспап корпусына жұмыс істеп тұрғанда қол
тигізбеңіз. Ыстық будан күйіп қалмау үшін қақпақты
ашқанда құрылғы үстіне еңкеймеңіз.

• Құрылғыны тек мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Құрылғыны
осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа мақсаттарда пайдала-
ну пайдалану ережелерін бұзады.
• Шәйнекті тек құрылғымен бірге берілген тұғырмен ғана пай-
далануға болады.
• Қуат сымын жылу көздеріне жақындатпаңыз. Электр бауының
бұралмағанын және иілмегенін, үшкір заттарға, бұрыштар
мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.

• Өндіруші қауіпсіздік шараларын және өнімді пайдалану ере-
желерін сақтамау салдарынан келтірілген зиян үшін жауапты
емес.
• Бұл құрылғы үйде пайдалануға арналған және оны пәтерлер-
де, саяжайларда немесе басқа ұқсас өндірістік емес орталар-
да пайдалануға болады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез
келген басқа мақсатсыз пайдалану өнімнің дұрыс жұмыс істеу
шарттарын бұзады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдар-
лар үшін жауап бермейді.
• Құрылғыны желіге қоспас бұрын, желі кернеуі құрылғының
номиналды қуат кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (тех-
никалық деректерді немесе өнімнің атауы тақтасын қараңыз).
• Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолда-
ныңыз: параметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға не-
месе кабельдің жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.

ЕСТЕ БОЛЫҢЫЗ: Қуат кабелін кездейсоқ зақымдау кеп-
ілдікке жатпайтын ақауларды тудыруы және электр
тогының соғуына әкелуі мүмкін. Қоректендіру сымы
зақымдалған болса, қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші,
оның қызмет көрсету агенті немесе соған ұқсас білікті
мамандар ауыстыруы керек.

13

Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Электрочайники

Aceline P-1800

8 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Электрочайники

Aceline P-1800

8 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Электрочайники

Aresa AR-3437

14 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Электрочайники

Aresa AR-3437

14 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Приготовление напитков / Электрочайники

BOSCH TWK 2M161

84 стр.