Текст страницы
6. ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
АЛҒАШ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН
Электр станциясын қаптау қорабынан алыңыз
Электр станциясының механикалық зақымдануы бар-жоғын тексеріңіз
Алғаш іске қосу үшін Сізге қажет:
- АИ-92 төмен емес октандық саны бар бензин
- ауамен салқындатқыш 4-тактілік қозғалтқыштарына арналған мотор майы
- резеңке қолғаптар және қорғаныс көзілдірігі
- жерге тұйықтау сымы
6.1. Мотор майы
Назар аударыңыз! Электр станциясын тасымалдау үшін қозғалтқыштың кар
терінен ағызылған. Алғаш қолданбас бұрын қозғалтқыштың картеріне техникалық
сипаттамаларда көрсетілген көлемде ұсынылған майды құйыңыз!
Назар аударыңыз! Электр станцияның қозғалтқышын майсыз немесе төмен
деңгейдегі маймен іске қосуға тыйым салынады. Электр станциясының қозғал
тқышындағы майдың деңгейін іске қосқан сайын немесе электр станция жұмысы
ның әрбір 8 сағаты өткен соң тексеріп отыру керек. Электр станциясының өозғал
тқышыныда орнатылған майдың төмен деңгейі бергіші пайдаланушыны қозғал
тқыштағы майдың деңгейін тексеруді бақылау жауапкершілігінен босатпайды.
Назар аударыңыз! Ауамен салқындатқыш 4-тактілік қозғалтқышқа тек ұсы
нылған таза мотор майын ғана қолданыңыз.
Ұсынылған мотор майы:
Elitech 4Т Стандарт (SAE30, минералды) - жазғы
Elitech 4Т Премиум (SAE10W30, жартылай синтетикалық) - әрмезгілдік
Elitech 4Т Ультра (SAE5W30, синтетикалық) - қысқы
Электр станциясы жұмыс жасайтын аймақтағы орташа ауа температурасына
сәйкес тұтқырлығы бар майды таңдаңыз.
SAE таңбалауының тұтқырлығы бойынша майлардың сұрыптары:
5-сурет
Температура
74