Текст страницы
9.3. Ауа сүзгісіне қызмет көрсету
Ластанған ауа сүзгісі карбюраторға баратын қажетті ауа ағынына кедергі кел
тіреді. Карбюратордың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін ауа сүзгісін үнемі
тазалап отыру керек. Егер электр станциясы шаңы жоғары жерлерде жұмыс жа
саса, ауа сүзгісіне қызмет көрсетудің аралықтарын қысқартыңыз.
Назар аударыңыз! Ауа сүзгісі жоқ электр станциясының қозғалтқышын іске
қосуға тыйым салынады. Бұл қозғалтқыштың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі.
Ауа сүзгісіне қызмет көрсетуді келесі кезекпен орындаңыз:
Қақпақты бекіткіш бұранданы бұрай отырып, ауа сүзгісінің қақпағын алып та
стаңыз (21-сурет)
Сүзгілеуіш элементті шығарыңыз;
Сүзгілеуіш элементті сабын ерітіндісінде жуыңыз;
Сүзгілеуіш элементті таза мотор майымен сулаңыз;
Артық майды сығыңыз. Сүзгілеуіш элементті сығу кезінде бұрамаңыз, ол
зақымдану мүмкін;
Ауа сүзгісін кері кезекпен жинаңыз.
21-сурет
9.4. Оталдыру білтесіне қызмет көрсету
Назар аударыңыз! Қозғалтқыш жұмыс жасап тұрған кезде оталдыру білтесі
жоғары температураға дейін қызады. Күйіп қалмас үшін оған қызмет көрсету
кезінде айрықша сақ болу керек.
Оталдыру білтесінің күйін ауқын-ауқын тексеріп отырыңыз. Егер оталдыру
білтесінің электроды ластанған болса, оны тазалаңыз. Егер тазартқаннан кейін
оталдыру білтесі жұмыс жасамаса (қозғалтқыш іске қосылмайды немесе тоқтап
жұмыс жасайды), оталдыру білтесін жаңасына ауыстырыңыз.
88