Текст страницы
Карбюратордан лайықты ыдысқа отынның қалдығын ағызыңыз
Пайдаланылған мотор майын жаңасына ауыстырыңыз
Оталдыру білтесін бұраңыз және цилиндрге 20-30 грамм таза мотор
майын құйыңыз. Қозғалтқыштың иіндібілігін қол стартердің көмегімен цилиндр
бойымен майдың біркелкі таралуы үшін бірнеше айналымға бұраңыз. Оталдыру
білтесін орнына қойыңыз және нықтап бұраңыз
Қол стартердің тұтқышынан кедергіні сезбейінше ақырын тартыңыз. Сол сәт
те піспек жоғарғы күйде, кіріс және шығыс қақпақшалары жабық болады. Осы
күйде қозғалтқыштың бөліктері жемірілуден максималды қорғалған
Электр станциясын аэрозольден жасалған силиконды майлағышпен өң
деңіз – бұл электр станциясының сыртқы бөліктерін қосымша жемірілуден және
шаңнаң қорғайды
Электр станциясын салыстырмалы ылғалдылығы 80%-дан артық емес (плюс
25°С температурада) жақсы желдетілетін, жылытылатын орын-жайда сақтаңыз
Электр станциясына шаңның кіруін алдын алу үшін оны бірегей қаптамада
сақтау ұсынылады
Назар аударыңыз!
Бензинді жанғыш заттарды сақтауға арналған бітеу жабық ыдыстарда
сақтаңыз. Ұзақ сақтаған кезде пайда болған газдарды ыдыстан шығару қажет –
олар жарылысқа қауіпті екенін есте сақтаңыз.
12. КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Электр станциясын, бензинді және мотор майын тұрмыстық қоқыстармен бір
ге лақтырмаңыз. Электр станциясын, оның компоненттерін және жанар-жағармай
материалдарын өнеркәсіпік қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қолданыстағы
ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз.
13. ҚЫЗМЕТ МЕРЗІМІ
Өнім тұрмыстық сыныпқа жатады. Қызмет мерзімі 5 жыл
14. ӨНДІРУШІ, ИМПОРТТАУШЫ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТ / ДЕКЛАРАЦИЯ
ЖӘНЕ ӨНДІРІС КҮНІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Өндіруші, импорттаушы, ресми өкіл туралы деректер, сертификат немесе
декларация туралы ақпарат, сондай-ақ өндірілген күні туралы ақпарат паспортқа
№1 қосымшада орналасқан.
93