Текст страницы
6. ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Аккумуляторды зарядтау
Аккумулятор зарядының деңгейін «6». түймесі арқылы тексеруге болады.
Нәтиже 4 жарық диоды бар «10», индикаторымен көрсетіледі. Жарық диодты
шамдардың саны заряд деңгейі туралы хабарлайды:
4-кесте
Жарық диодты шамдар саны
Зарядтау деңгейі
4 жарық диоды
75%-дан 100%-ға дейін
3 жарық диоды
50%-дан 75%-ға дейін
2 жарық диоды
25%-дан 50%-ға дейін
1 жарық диоды
0%-дан 25%-ға дейін
Бірде-бір жарықдиодты шам жанбайды
0 %
Жұмыс істеу үшін толық зарядталған аккумулятор қажет, себебі заряд деңгейі
төмендегенде, аккумулятордың кернеуі төмендейді, қозғалтқыш әзірлеген жыл-
дамдық төмендейді, бұл максималды айналу моменттің төмендеуіне әкеледі.
Аккумуляторды +10-ден +25 °C температурада зарядтау керек. Аккумулятор
қоршаған орта температурасы 0 °C төмен және +40 °C жоғары болғанда оны за-
рядтауға мүмкіндік бермейтін температура реттегішімен жабдықталған (қарқынды
пайдаланудан кейін аккмулятор тым ыстық болған жағдайда да іске қосылады).
Зарядтағышты электр желісіне қосыңыз. Зарядтағыштағы сол жақ индикатор
(12) жасыл болып жануы керек.
Егер аккумуляторды зарядтау процесі басталса, сол жақ индикатор (12) сөнеді,
зарядтау процесінің оң жақ индикаторы (13) қызыл болып жанады. Егер аккумуля-
торды орнатқаннан кейін оң жақ индикатор (13) қызыл болып жыпылықтай баста-
са, бұл батареяны қазір зарядтау мүмкін емес дегенді білдіреді. Мұның себебі бо-
луы мүмкін:
1. Аккумулятор температурасы 0-ден төмен немесе 50 °C жоғары
2. Кез келген элементтегі кернеу 2,9 В төмен
3. Аккумулятордың ішкі зақымы бар.
Бірінші жағдайда аккумулятордың температурасы қалыпқа келгенше біраз уақыт
күту керек. Екінші және үшінші жағдайларда аккумулятор пайдалануға жарамсыз
және оны жою керек.
Зарядтау процесі аяқталғаннан кейін зарядтау процесінің оң жақ көрсеткіші (13)
сөнеді, ал сол жақ индикатор (12) жасыл түспен жанады. Егер аккумулятор заряд-
тау аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде зарядтағыштан алынбаса, сол жақ инди-
катор (12) сөнеді.
Зарядтау аяқталғаннан кейін аккумуляторды зарядтау құрылғысында ұзақ
уақыт қалдырмаңыз. Бұл аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін.
43