Инструкция фрезер Makita 3711

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ (стр. 25 из 32)

Бренд: Makita

Страница 25 документа Фрезер Makita 3711. Раздел: Фрезеры. Бренд: Makita.

Текст страницы

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралдың жұмысын
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.

Триммердің ұштық дөңес жерін
реттеу

Ұштық дөңес жерін реттеу үшін бекіткіш бұранданы
босатып, табанды реттегіш бұранданы бұру арқылы
қажетінше жоғары немесе төмен жылжытыңыз.
Реттегеннен кейін, табанды бекіту үшін бекіткіш
бұранданы мықтап қатайтыңыз.
► Сурет1: 1. Табан 2. Шкала 3. Ұштық дөңес жері
4. Бекіткіш бұранда 5. Реттегіш бұранда

Ауыстырып-қосқыштың әрекеті

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралды желіге жалғамас
бұрын әрдайым оның өшірулі екендігіне көз
жеткізіңіз.

Құралды іске қосу үшін ауыстырып-қосқыш тетігін
"I" (ҚОСУЛЫ) күйіне сырғытыңыз. Құралды өшіру
үшін ауыстырып-қосқыш тетігін "O" (ӨШІРУЛІ) күйіне
сырғытыңыз.
► Сурет2: 1. Ауыстырып-қосқыш тетігі

Электронды функциясы

Оңай пайдалану үшін құрал электрондық
функциялармен жабдықталған.

Индикатор шамы
► Сурет3: 1. Индикатор шамы

Құрал желіге қосулы болғанда, индикатор шамы
жасыл түспен жанады. Индикатор шамы жанбаса,
қуат сымы немесе контроллер зақымдалған болуы
мүмкін. Индикатор шамы жанып тұрса, бірақ
құрал қосулы болса да, іске қосылмаса, көміртек
қылшақтар тозған немесе контроллер, мотор не
ауыстырып-қосқыш зақымдалған болуы мүмкін.

Абайсызда қайта іске қосылуды растау

3.
Триммердің қашау қосқышы жобаланған
цанга қысқысымен сәйкес болу керек.
4.
Кем дегенде құралда көрсетілген
максималды жылдамдыққа тең болатын
триммер ұштығын пайдаланыңыз.
5.
Құралды пайдалану ұзақ уақытқа
созылатын болса, құлаққа арналған
қорғаныш құралын тағып жүріңіз.
6.
Триммер ұштықтарын өте мұқият пайдаланыңыз.
7.
Жұмысқа кіріспес бұрын, триммер ұштығында
жарықтар мен зақымдардың бар-жоғын
мұқият тексеріңіз. Жарылған немесе
зақымдалған ұштықты дереу алмастырыңыз.
8.
Шегелерді кеспеңіз. Жұмысты бастау
алдында шегелердің бар-жоғын тексеріп,
оларды өңделетін бөлшектен алып тастаңыз.
9.
Құралды мықтап ұстаңыз.
10. Қолыңызды айналмалы бөлшектерге
жақындатпаңыз.
11.
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас бұрын,
триммер ұштығының өңделетін бөлшекке
тиіп тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
12. Құралды нақты өңделетін бөлшекке қолданбас
бұрын, біраз уақыт бойы іске қосылып
тұруына мүмкіндік беріңіз. Ұштықтың дұрыс
орнатылмағанын көрсететін дірілдеу мен
теңселудің бар-жоғын тексеріңіз.
13. Триммер ұштығының айналу бағыты мен
беріліс бағытынан сақ болыңыз.
14. Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
15. Құралды өңделетін бөлшектен алып
тастамас бұрын, үнемі триммер ұштығын
өшіріп, толық тоқтағанша күтіңіз.
16. Триммер ұштығын пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды; ол өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
17. Табанға абайсызда сұйылтқыш, бензин,
май немесе соған ұқсас заттарды жақпаңыз.
Олар табанда жарықтар тудыруы мүмкін.
18. Кейбір материалдарда улы болуы мүмкін
химиялық заттар бар. Шаңды деммен
жұтып алмау және теріге тигізбеу үшін
сақтық танытыңыз. Материал жеткізушісінің
қауіпсіздік туралы деректерін ұстаныңыз.
19. Пайдаланып жатқан материал мен
жұмыс үшін әрдайым тиісті түрде шаңнан
қорғайтын масканы/респираторды
пайдаланыңыз.
20. Құралды тұрақты жерге қойыңыз. Әйтпесе
құрал құлап, жарақаттауы мүмкін.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.

Құрал желіге қосылса да, ауыстырып-қосқыш
тетігі "I" (ҚОСУЛЫ) күйінде болған кезде, ол іске
қосылмайды.
Бұл кезде индикатор шамы қызыл түспен
жыпылықтап, абайсызда қайта іске қосылуды растау
құрылғысының қосулы екенін көрсетеді.
Абайсызда қайта іске қосылуды растау құрылғысын
өшіру үшін ауыстырып-қосқыш тетігін "O" (ӨШІРУЛІ)
күйіне қайтарыңыз.

Бірқалыпты іске қосу функциясы

Бірқалыпты іске қосу функциясы іске қосу соққысын
азайтады да, құралды бірқалыпты іске қосады.

ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.

25
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Фрезеры, оснастка / Фрезеры

Фрезер Einhell TC-BJ 900

51 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Фрезеры, оснастка / Фрезеры

Фрезер Einhell TC-RO 1155 E

33 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Фрезеры, оснастка / Фрезеры

Фрезер FinePower XT RC12-54

20 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Фрезеры, оснастка / Фрезеры

Фрезер KLPRO KLEF1204

20 стр.