Инструкция газовая плита DARINA F1 3015W

! (стр. 25 из 28)

Бренд: DARINA

Страница 25 документа Газовая плита DARINA F1 3015W. Раздел: Плиты газовые. Бренд: DARINA.

Текст страницы

16. ЖӨНДЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

■ Плитаны табиғи газдан сұйылтылған газға жəне керісінше жəне бір қысымнан басқа
қысымға ауыстыру жанарғылар бүріккілерін жəне шағын алау бұрамаларын (ШАБ) ауыстыру-
мен, ШАБ реттелетін шүмектер үшін бүріккілерді ауыстырумен жəне газ шығынын реттеумен
мамандандырылған ұйымдар қызметкерлерімен жүзеге асырылады. Плитаны жинау жəне оны
жөндеу кезінде бүріккілердің орнатылуын 1 кестеге сəйкес жүргізу керек.

!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыстар жүргізген кезде резеңке сақиналардың
зақымданулар, тілімдер, опырулар жəне т.б. алмағындығын қадағалау керек.

■ Қосылыстар түйіспелерін тығыздау үшін ГМг 2.07 сақиналары қолданылады.

16.1. Жөндеу кезінде, сонымен қатар басқа газ берілісіне ауыстыру кезінде бүріккінің ауы-
стырылуын жүргізу (14, 15 сур.)

Үстел жанарғыларының бүріккісін ауыстыру

Бүріккі

Тығыздағыш сақина

14 сур.

Оттық жанарғысының бүріккісін ауыстыру
Бүріккі ұстағышы

Бүріккі

Тығыздағыш
сақина

15 сур.

Бүріккілерді ауыстыру үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Газ берілетін жалпы шүмекті жабу, плитаның барлық
шүмектерін жабу;
2. Плитада электрлік бөліктер болған кезде, плитаны электрлік
желіден сөндіру;
3. Үстел торларын, қақпақтарды аласыз, жанарғыларды су-
ырып аласыз, жоғарғы панельді аласыз; Плитаның жоғарғы
панелін алу үшін:
- есік тіреуіштерін аласыз (жеткізу жиынтығына кіреді), шама-
мен плитаның шетінен 10 мм олардың жоғарғы панель мен
қапталындағы қабырға арасындағы қуысына қоясыз жəне
панельдерді бұғаттайтын қысқыштарды қысасыз;
- панельдің алдыңғы бөлігін сəл көтересіз
жəне тетікті өзіңізге қарай тарту есебінен
артқы фиксаторлардың тіреуін жазасыз
(артқы фиксаторлар – бұл жоғарғы панельдің
артқы қабырғасындағы ойыққа кіретін артқы
айырлардың (кронштейндердің) элементтері);
- жоғарғы панельді бекіту үшін кері əрекетті
орындау керек, бұл ретте жоғарғы панельді
бекіту кезінде міндетті түрде есіктің тіреуішін
пайдаланыңыз: алдымен оң жақтағы қысқышты
қысасыз, панельді жібересіз жəне тіреуішті шығарып аласыз, содан кейін сол жақпен ұқсас
əрекеттерді қайталайсыз. Есіңізде болсын, панельдің алдыңғы бөлігіне жай ғана басып, жоғарғы
панельді тақ еткізу панель шеттеріндегі эмальдің жарылуына жəне тіреуішінің бұзылуына əкеледі.
4. Басқарудың, басқару панелінің тұтқаларын аласыз;
5. Қақтағыш пен жанарғы шүмегін алмастырған жағдайда каптамасын (газ қалпағы) алу керек;
6. Орнатылған шүмектерді аласыз; ол үшін бұрауышпен шүмекті ұстап тұратын ұяшық бортынан
металл қысқышты ажырату керек жəне ұяшықтан шүмекпен бірге газ əкелетін түтікті алу керек, со-
дан кейін газ түтігінен шүмекті алу керек (16-сурет). Нығыздағыш резеңке сақиналарды түтіктерде
қалдыру керек.
7. Жаңа шүмектерді қою керек, бұл ретте олардың 1-кестеге сəйкес орнатылғанын қадағалау керек
(жинау кезінде резеңке сақиналарды силиконмен майлау керек).
■ Гриль жанарғысының немесе оттық жанарғысының бүріккісін ауыстыру үшін (17, 18 сур. қар.) бүріккі
ұстағышы қапсырмасын бекітетін екі бұраманы бұрап алып, бүріккі бар қапсырманы жанарғыдан
(өзіңе қарай) тартып шығару керек. Бұрғымен бекіністі қапсырмадан ажыратып, бүріккіні ауыстыру
керек.
Бүріккіні орнатқаннан кейін оның түйіспесін сабындаумен саңылаусыздыққа қатысты тексеру керек,
осы кезде бүріккілердің 1 кестеге сəйкес орнатылғандығын қадағалау керек.

16.2. Термостат-шүмекте жəне үстел жанарғыларының шүмегінде шағын алау
бұрамаларын (ШАБ) ауыстыру (16 сур.):
Шағын алау бұрамасын ауыстыру үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
- үстел торларын, айырғыштар бар жанарғы қақпақтарын шешу, жанарғылар корпустарын бекітетін
бұрамаларды бұрап алу, жоғарғы панельді шешу;
- басқару тұтқаларын, қайырмаларды, басқару панелін шешу;
- ШАБ бұрап алу жəне оларды 1 кестеге сəйкес ауыстыру;
- жинау кері тəртіпте жүргізіледі, осы кезде бекініс элементтерінің тартылуының сəйкес моменттерін
жəне шағын алау бұрамасының плитаны пайдалану кезінде қолданылатын газ түріне сəйкестігін

KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық GM441 00 000-01 РЭ U
22

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI5C22WF

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.