Инструкция газовая плита Darina G 4001 W

Страница 23 (стр. 23 из 28)

Бренд: Darina

Страница 23 документа Газовая плита Darina G 4001 W. Раздел: Плиты газовые. Бренд: Darina.

Текст страницы

таза күйге дейін сүртіп, кептіру керек.
- консервациялық материалдарды тазарту үшін бос духовканы «үлкен алау» режимінде 30 минут
бойы жылыту керек. Осы кезде бөлмеде олардың жануынан иіс пайда болуы мүмкін. Желкөзді
ашып, бөлмені желдетіңіз.
■ Əзірлеу алдында духовкадан барлық артық заттарды (табалар, кəстрөлдер, пісіруге арналған
қалыптар жəне т.б.) алып тастаңыз. Осы ереженің сақталмауы жылу ағындары айналымының
бұзылуына алып келуі жəне пісірмені бүлдіруі мүмкін.
■ Егер рецептіде айрықша нұсқаулар болмаса, онда əзірленетін тағам духовкаға орнатылғанға
дейін оны пісіру температурасында 10 минут бойы жылыту керек.
■ Əдетте духовкада пісіру үшін (170...220)°С шектеріндегі температура пайдаланылады.

14. ПЛИТАҒА КҮТІМ ЖАСАУ

14.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:
■ Плитаны таза күйінде сақтаңыз. Бұл тағамды дəмді қылып, əзірлеу үрдісі Сізге лəззат сыйлай-
ды, ал плита ұзақ уақыт қызмет етеді.
■ Бумен тазалауды пайдалануға болмайды.
азарту кезінде келесі құралдарды пайдалануға болмайды:
■ Абразивті материалдар (қатты ұсақ кеуекті заттектер).
■ Плита бетін қайтарымсыз зақымдауы мүмкін, құм, сода, қышқыл жəне басқа агрессиялық компо-
ненттер құрамына кіретін тазартқыш құралдар.
■ Дақтарды кетіру үшін қатты ысқыштар, металл жөкелер немесе пышақ жəне басқа қатты заттар.
Тазарту үшін келесі құралдарды пайдалануды ұсынамыз:
■ Жұмсақ мата, микрофибрадан жасалған жұмсақ майлықтар.
■ Жоғарыда аталған заттектер құрамына кірмейтін, арнайы жуу құралдары, ыдысқа арналған
сұйық жуу құралдары.
Пайдалы кеңестер:
■ Төзімді жəне ескі қатайған дақтарды алдын ала сулап, осыдан кейін құрғақ майлықпен сүрту керек.
■ Майды арнайы құралдың шамалы мөлшері қосылған жылы су көмегімен жууға болады.
■ Жанарғыларды тазарту немесе плита үстелін жуу үшін, жанарғыларды шешуге болады.
■ Ластанған жəне дымқыл разрядтағыштар жұмыс жасамауы мүмкін. Үстелді жəне керамикалық
разрядтағыштарды тазарту кезінде абай болыңыз. Сынған разрядтағыш жөнделмейді, оны ауы-
стыру керек.
■ Духовканы пайдаланғаннан кейін оны жуу құралы қосылған жылы сумен жуып, таза болғанша
сүртіп, кептіру керек. Май тазалауға арналған арнайы аэрозольді құралды пайдалануға болады.
■ Духовканы ол жылы болғанда жуу айтарлықтай жеңілірек. Жабысқан дақтарды дымқыл
шүберекпен сулап, тазартқыш құрал көмегімен тазалау керек.

14.2. ЭМАЛЬ ЖАБЫНЫ БАР БӨЛШЕКТЕРГЕ ЖƏНЕ СЫРЛАНҒАН БӨЛШЕКТЕРГЕ КҮТІМ ЖА-
САУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

■ Плита үстелі, басқару панелі жəне духовканың ішкі беті силикаттық эмаль жабынымен қапталған.
Қалған түр бөлшектері сырмен қапталған.
■ Тазартқыш құралдарды пайдалану алдында жабын төзімділігін жасырын жерде шағын бөлікте
тексеру керек.
■ Эмаль жабынымен қапталған бөлшектерді тазарту кезінде сырланған беттерге арналған құралдың
сырмен қапталған бөлшектерге түспейтіндігін қадағалаңыз.
■ Сырланған беттердің тазартқыш құралдарға қатысты төзімділігі, эмаль жабындарына қарағанда,
төменірек, сондықтан жабынның қайтарымсыз зардаптармен зақымдалуының алдын алу үшін,
сырланған беттерді жуу үшін құрамына еріткіштер, абразивті материалдар жəне сілтілер >5%
қосылған жуу жəне тазарту құралдарын пайдаланбаңыз. Тазартуды аяқтар кезде бетті таза сумен
жуып, жұмсақ матамен немесе арнайы майлықпен құрғатып сүртіңіз.

14.3. ДУХОВКА ЕСІК КҮТІМІ:

14.3.1. Духовка есігін шешу үшін келесі əрекеттерді жасау керек:

1. Есікті көлденең жайғасымға ашыңыз. Есік тіреуіштерінде сол жəне оң жақта қарастырылған
оықтарға есіктің екі тіреуішін енгізіңіз (11 сур.);
2. Күш түсірмей, тіреуіштер топсаларды бекітпегенше, есікті тірелгенше жабыңыз (12 сур.);
3. Есікті жабу керек (13 сур.);
4. Есікті бүйір жағынан ұстап, топсалардың төменгі біліктерін босату үшін өзіңізге жəне жоғары

KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық GM441 00 000-01 РЭ U
20

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI5C22WF

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.