Текст страницы
ГАЗ ПЛИТАСЫ
• Осы иінді фитингтің қарама-қарсы жағынан қатты немесе икемді металл бұрғыш
құбыр жалғанған (ең үлкен ұзындығы 2 м).
• Қолданыстағы нормаларға сәйкес иінді фитингтің екі шетіне тығыздағыш төсемелерді
(жиынтықтағы) орнатыңыз. Бұл тетіктерді бөлшектеу және қайта монтаждау
жағдайында төсемдердің жаңаларын қоюды ұмытпаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Газ шлангісі жылытылатын аймақтардың арасымен
өтпеуі және плитаның артқы жағымен жанаспауы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Орнату аяқталғаннан кейін газ шлангісінің қозғалмалы
бөлшектермен қысылмағанына немесе бүлінбегеніне, сондай-ақ төсемелердің
бітеулігіне көз жеткізіңіз, ол үшін жалын емес, сабын ерітіндісін қолданыңыз!
КОНФОРКАЛАРДЫ ГАЗДЫҢ ӘР ТҮРІНЕ БЕЙІМДЕУ
Аспапты арналған газ көзінен басқа газ көзіне бейімдеу үшін
келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Торларды алыңыз.
2. Қақпағын және жалын бөлгішті алыңыз. 7 мм гайкалы кілтті пай-
даланып, жиклерлерді алыңыз.
3. Жиклерлерді жабдықпен бірге келетін қолайлы түрлерімен
ауыстырыңыз (жанарғылар мен жиклер сипаттамалары кестесін
қараңыз).
4. Барлық компоненттерді кері ретпен жинаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер пайдаланылатын газдың қысымы
жабдықта көзделгеннен өзгеше болса (немесе ауыспалы болып
табылса), кіріс құбырына (өтетін газ) стандарттарға сәйкес
келетін қысым реттегішін орнату қажет.
КОНФОРКАЛАР ҮШІН ТӨМЕНГІ ШЕКТІ РЕТТЕУ
Жалынның ең төменгі деңгейін бастапқы реттеу өндірушінің зауытында орындалады.
Жиклерді ауыстырғаннан кейін немесе желідегі ерекше қысым жағдайында ең төменгі
мәнді қайта реттеу керек.
Ең төменгі мәнді реттеу келесі ретпен жүзеге асырылады:
1. Конфорканы жағыңыз.
2. Басқару тұтқасын ең төменгі мәнге дейін бұраңыз.
3. Тұтқаны және егер орнатылған болса, аралық
төсемені шешіп алыңыз.
4. Тиісті мөлшердегі бұрағышты қолдана отырып, жа-
лын әбден кішірейгенше, бірақ орныққанша, реттегіш
өзегінің бүйірінде немесе ішінде орналасқан реттеу
бұрандасын бұрай беріңіз.
45
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ