Инструкция газовая плита Kraft KF-FSK5301GBL

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (стр. 48 из 56)

Бренд: Kraft

Страница 48 документа Газовая плита Kraft KF-FSK5301GBL. Раздел: Плиты газовые. Бренд: Kraft.

Текст страницы

ГАЗ ПЛИТАСЫ

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалау алдында аспапты электр желісінен ажыратып,
әбден суығанын күтіңіз. Газ плитасын жуу тұрақты негізде жүргізілуі керек, осы
рәсім кезінде сақ болыңыз.

• Ыдыстың эмальданған бетін мүмкіндігінше ұзақ уақыт жылтыр күйінде ұстау үшін
аспапты әр қолданғаннан кейін жылы сумен және жуғыш затпен жуу керек.
• Пеш толығымен салқындағаннан кейін, қалған майды ысқышпен немесе дымқыл
шүберекпен және жылы сабынды сумен жуып алыңыз.
• Эмальға сызат түсіретін абразивті майлықтар немесе ысқыштарды пайдаланбаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Абразивті заттарды, бензинді, бензолды, еріткішті, хлор-
гидратты, ыстық суды, металл немесе тұрпайы щетканы және т.б. пайдалануға
тыйым салынады, өйткені олар газ плитасының бетін зақымдауы мүмкін.

• Жалынның шығуын тежейтін май қалдықтарын кетіру үшін конфорканың жалын
бөлгішін қайнаған сумен және жуғыш затпен жиі тазалаңыз.
• Тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектерді сумен жақсылап шайып, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
• Ас пісіруге арналған панельді тазалау үшін сәл дымқыл ысқыштар мен майлықтарды
қолданыңыз.
• Суды тым көп пайдаланбаңыз, ол аспаптың ішкі бөліктеріне еніп, электр бөлшектерін
зақымдауы мүмкін.
• Аспапты ешқашан суға салмаңыз.
• Ас пісіруге арналған панельдің торларын ыдыс жуғыш машинада жууға да болады.
• Қатты сіңіп қалған дақтар үшін әдеттегі абразивті емес құралдарды пайдаланыңыз.
• Ақ тұмша пештің басқару тақтасын, тұтқалары мен батырмаларын, сондай-ақ тот
баспайтын болаттан жасалған пешті тамақ пісірген сайын әрдайым жуу керек.
• Тұмша пештің есігінің әйнегін тек жылы сумен жуыңыз, қатқыл тазартқыштар мен
маталарды пайдаланбаңыз. Бетін тазалау үшін жұмсақ тазартқыштарды қолданыңыз.
• Табаларды орнатуға арналған бүйірлік торларды тұмша пештен шығарып алып,
беттерін тазалау үшін жұмсақ құралдармен жууға болады. Бұл үшін суретте
көрсетілгендей әрекеттерді орындаңыз
• Бүлдірмес үшін және коррозияға ұрындырмас үшін абразивті беттері бар металл щет-
калар мен ысқыштарды пайдаланбаңыз. Еріткіштерді, улы тазартқыш сұйықтықтарды
пайдаланбаңыз.
• Егер тұтқаларды бұру қиын болса, оларды майлау үшін білікті маманға хабарласыңыз.
Сондай-ақ пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез-келген басқа мәселелерді шешу
үшін білікті маманмен байланысыңыз.

48

ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI5C22WF

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Gorenje GGI6C22XA

28 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Плиты газовые

Kaiser HGE 93555 RotEm (MULTI)

80 стр.