Текст страницы
●
●Алдыңғы қақпағы шешілген немесе сынған құралды пайдаланбаңыз.
●
●Құралмен жұмыс істеу кезінде артқы жақ беті де қызып кетеді. Электр жалғауларының
бүлініп қалу қаупі болуы себепті артқы жағына тиісуге болмайды.
●
●Духовканың есігінің жалғағыш кабельдерін қысып тастамаңыз және олар ысып
кететін сыртқы беттермен өтпеуін қадағалаңыз. Кабельдің бүлінуі духовканың қысқа
тұйықталуынан тұтануды туындатуы, сондай-ақ өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
●
●Әрбір пайдаланғаннан кейін құралдың ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
●
●Құрал және оның ашық тетіктері пайдалану кезінде қызып кетеді.
●
●Жұмыс істеп тұрған құралға жақындамаңыз.
●
●Құралдың ішкі бөліктерін және оның әйнектерін тазалау үшін өткір және кесіп кететін
заттарды пайдаланбаңыз, өйткені олар құралды бүлдіріп тастаулары мүмкін.
●
●Қатты қызып кеткен май өртке себеп болуы мүмкін болғандықтан, құралды ол жұмыс
істеп тұрған кезде қараусыз қалдырмаңыз.
●
●Байқаусызда өрт шыға қалған жағдайда оны су құйып өшіруге талпынбаңыз. Құралды
тез арада тоқтан ажыратыңыз да ыстық бөлігін суланған көрпемен жаба қойыңыз.
●
●Құралдың ішіне ешқашан да жанғыш немесе улы заттарды орналастырмаңыз.
●
●Бу бөлгішті пайдаланбаңыз.
●
●Духовканың есігін (әйнегін) тазалау үшін оның сыртқы бетін бүлдіріп тастауы және
әйнекке сызат түсіруге себеп болуы мүмкін болатын түкті тазалағыш заттарды немесе
өткір металл қырғыштарды пайдаланбаңыз.
●
●НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Духовканың шамын ауыстырардың алдында электро тоғы
соғып кету қаупін тындатпау үшін, электр жалғауларын өшіру және құрал суығанға
дейін тоса тұру керек.
●
●Духовканың 1-ші сөресі – ең төменгі сөре.
●
●Құралды целлофанға, сондай-ақ тұтанғыш және термотөзімділігі жоқ материалдарға
орналастырмаңыз.
Балаларға арналған қауіпсіздік
Пайдалану кезінде құралдың ашық бөліктері қызып кетеді,
құралға ол әбден суығанға дейін балаларды жақындатуға
болмайды.
●
●НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Торларды пайдалану кезінде оның қолдетімді жерлері қызып
кетеді. Кішкентай балаларды құралға жақындатпаған жөн.
●
●Жасы 8 –ге толмаған балаларды ересектердің бақылауынсыз құралға жақындатуға
болмайды.
●
●Аталмыш құралды жасы 8-ден асқан және/немесе дене және ойлау қабылеттіліктерінде
кемістіктері бар тұлғаларға, олар затты пайдалану әдістеріне үйретілген және
қауіптіліктер туралы хабардар етілген кезде ғана пайдалануға рұқсат етуге болады.
●
●Балалардың құралмен ойнауларына тыйым салынады. Балаларға ересектердің
бақылауынсыз құралды тазалауға және күтіп жасауларына болмайды.
●
●Орамдау материалдары алалар үшін қауіп төндіруі мүмкін. Орамдау материалдарын
балалардың қолдары жетпейтін орындарда сақтаңыздар немесе талаптарға сәйкес
сұрыптай отырып қоқысқа лақтырып тастаңыздар.
72