Инструкция газовый духовой шкаф MBS DG-607BL

Страница 80 (стр. 80 из 100)

Бренд: MBS

Страница 80 документа Газовый духовой шкаф MBS DG-607BL. Раздел: Духовые шкафы газовые. Бренд: MBS.

Текст страницы

Болашақта тасымалдау рәсімі


●Бастапқы қорабын сақтап қойыңыз және құралды осы қорапқа салып тасымалдаңыз.
Қорапта көрсетілген нұсқаулықтарды сақтаңыз. Бастапқы қорабы болмаған жағдайда
құралды көпіршікті үлдірге немесе жуан картонға ораңыз да скотчпен қатты тартып
тастаңыз.


●Духовканың есігі тормен немесе қаңылтыр табамен бүлініп қалуын болдырмау үшін,
духовканың есігінің ішкі жағынан тиісті деңгейде картон таспа бекітіледі. Духовканың
есігін бүйірдегі қабырғаларына скотчпен бекітіп тастаңыз.


●Басын және кастрюльге арналған таяныштарын скотчпен мықтап бекітіңіз.


●Есігін немесе тұтқасын тасымалдауға немесе орындарын ауыстырып қоюға
пайдаланбаңыз.


●Құралдың үстіңгі жағына басқа заттарды қоймаңыз.


●Құралды тігінен тасымалдау қажет.


●Құралдың сыртқы түрін тасымалдау кезінде қандай да бір бүлінулердің болмауына
тексеріңіз.

Ескі өнімді кәдеге асыру


●Ескі құралды, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп лақтырып тастаңыз.


●Бұл құралда (WЕЕЕ) белгісі бар, ол электрлі және электрондық құралдарды жеке-жеке
лақтыру қажет екендігін көрсетеді. Бұл 2002/96/ЕС АВ Директивасына сәйкес осы
құрал қайта өңдеуге немесе қоршаған ортаға келтіретін зиянын азайту мақсатында
бөлшектерге бөліп тастауға болатындығын білдіреді. Барынша жан-жақты ақпаратты
алу үшін жергілікті және аудандық инстанцияларға жүгініңіз.


●Кәдеге жарату үшін бақылап отырып жинақтау қолданылмайтын электрондық
құралдардың қоршаған ортаға да, сондай-ақ құрамында зиянды заттардың болуы
себепті адамның өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.


●Өнімді кәдеге асыру тәсілдері туралы ақпаратты сіз құзыретті сатушыдан немесе
сіздің қалалық әкімшіліктің қалдық жинақтайтын орталығынан алуыңызға болады.


●Құралды лақтырмас бұрын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электрлі
ашасын кесіп тастаңыз және қақпағындағы құлыпты сындырыңыз (егер бар болса).

4)
Алдын-ала дайындау

Энергия үнемдеу

Төменде келтірілген мәліметтер сіздің экологияға қамқорлық ете отырып және энергияны
үнемдеу отырып осы құралды пайдалануыңызға көмектеседі.


●Тамақты духовкада дайындау кезінде жылу өткізгіштігі жақсы, қоңырқай түсті немесе
сыртында эмаль жабыны бар ыдысты пайдаланыңыз.


●Егер рецепте немесе пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы кестеде алдын-ала қыздыру
көрсетіліп тұрған болса, духовканы алдымен қыздырып алыңыз.


●Тағам дайындап жатқан кезде духовканың есігін жиі аша бермеуге тырысыңыз.


●Духовкада бірнеше тағамды бір мезгілде әзірлеуге тырысыңыз. Сіз тордың үстіне бір
мезгілде бірнеше ыдысты орналастыра аласыз.


●Бірнеше тағамды бірінің артынан бірін дайындаңыз. Осылайша духовканың жылуы
жоғалмайтын болады.

78

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы газовые

Gefest ДГЭ 621-01 К53

28 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы газовые

Gefest ДГЭ 621-01 К53

28 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы газовые

Kaiser EG 6372

72 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Духовые шкафы / Духовые шкафы газовые

Kaiser EG 6372

72 стр.