Текст страницы
«Барбекю» режиміне арналған DIY (әртүрлі өнімдерді 180°-қа жайылған екі жұмыс бетте де жылыту
және қуыру)
Осы режим екі жұмыс бетте екі әртүрлі тағамды қыздыру және қуыру үшін мінсіз
жарамды. Қолмен бапталады.
Жұмыс тәртібі:
Аспапты желіге қосыңыз. Аспап параметрлері («Техникалық сипаттамалар» қар.) желі
параметрлеріне сәйкес келетіне көз жеткізіңіз. Қысқа дыбыстық сигнал естіледі.
Аспапты іске қосу үшін ON/OFF сенсорына қол тигізіңіз.
Қолмен баптау режимін таңдау үшін сол жақ тұтқасын бұраңыз.
Қолмен баптауды таңдағанда жоғарғы панель индикаторы жыпылықтайды. Сол жақ
тұтқаны солға қарай бұрап, жоғарғы панельдің керек температурасын орнатыңыз.
Сол жақ тұтқаны бір рет басыңыз және босатыңыз. Төмеңгі панель индикаторы
жыпылықтай бастайды.
Тұтқаны оңға қарай бұрап, төмеңгі панельдің керек температурасын орнатыңыз.
Тұтқаны тағы бір рет басыңыз және босатыңыз. Дайындау уақытының мәні
жыпылықтай бастайды.
Тұтқаны оңға қарай бұрап, керек уақытты орнатыңыз. Оң жақ тұтқаны бір рет
басыңыз және босатыңыз. Қыздыру басталады.
Желдеткіш сенсорына қол тигізіп үрлеу қарқындылығын өзгертуге немесе үрлеуді
сөндіруге болады.
«БАРБЕКЮ» режимін пайдалану үшін (әртүрлі өнімдерді 180°-қа жайылған екі жұмыс
бетте де жылыту және қуыру) жылытқаннан кейін қақпақты тірелгенше ашыңыз.
Қақпақ тұтқасын сол қолмен ұстап, оң қол саусақтарымен жұмыс беттерді ашудың
«PRESS» батырмасын басыңыз және батырманы басып, қақпақты тұтқасынан ұстап
тұрып, жұмыс беттері 180°-қа жайылғанша қақпақты үстелге тірелгенше түсіріңіз.
Азық-түлікті жұмыс панельдерге салыңыз.
Дайындауға бақылауды көзбен шолып жүргізіңіз, өнімді екі жақтан қуыру үшін
аударып отырыңыз.
Үшкір заттарды пышақтар, шанышқылар және басқ.) пайдаланбаңыз. Силикон
қалақшаларды пайдалану ұсынылады (жиынтыққа кірмейді). Өнімді панельдер
үстінде турамаңыз.
Дайын болғаннан кейін тағамды алып шығыңыз.
t° ҚОЛМЕН баптау
Орнатуды
3
4
2
1
растаңыз
ON / OFF
СОЛ тұтқамен
ЖОҒАРҒЫ панель
Сол жақ тұтқаны бір
Грильдің қақпағын
Сенсорға басып,
аспапты сөндіріңіз
температурасын
рет басыңыз
жабыңыз
ON / OFF
орнатыңыз
45