Инструкция Haier 65 Smart TV S4

Страница 49 (стр. 49 из 50)

Бренд: Haier

Страница 49 документа Haier 65 Smart TV S4. Раздел: Телевизоры. Бренд: Haier.

Текст страницы

КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

Құрметті сатып алушы!

Келесі мекенжайда орналасқан Haier корпорациясы: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone,
Laoshan District, Qingdao, Қытай, сіздің таңдауыңыз үшін сізге алғыс білдіреді, осы бұйымның жоғары сапасы мен
мүлтіксіз қызмет етуіне оның пайдалану ережелерін сақтағанда кепілдік береді. Теледидарлардың қызмет етулерінің
мерзімі бұйым соңғы тұтынушыға табыс етліген күннен бастап 5 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты
қызмет ету мерзімі ресми қызмет ету мерзімінен әлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа
жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және Еуразиялық экономикалық
(кедендік) одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.

Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен кепілдік шарттарын мұқият оқып
шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып
алған бұйым арнайы орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Біз сізге Haier уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласуды ұсынамыз.

Haier корпорациясы өнім ақаулары болған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы
заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тұтынушы талаптарын қанағаттандыру
міндеттемесін мойындайды. Дегенмен, Haier корпорациясы келесі шарттар орындалмаған жағдайда өнімге кепілдік
қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Кепілдікті қызмет көрсетудің шарттары:
Haier корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал
жаңсақтықтарға жол бермеу үшін қызмет ету мерзімі ішінде бұйымға сатылған кезде қоса тіркелетін құжаттарды (тауарық
чек, кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) сақтап қойыңыз. Жөндеу үшін пайдаланылған қосалқы бөлшектер және
ауыстырылған блоктар жаңа, сонымен қатар қайта қалпына келтірілген болуы мүмкін.

Кепілдікті тек уәкілетті Haier қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Уәкілетті қызмет көрсету орталықтарының толық тізімін
алу үшін келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы Haier байланыс орталығына хабарласыңыз:

8 (800) 070-01-29 — Қазақстаннан келген тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)

немесе сайтта: https://haieronline.kz/
немесе келесі электрондық пошта арқылы сұрату жасап біле аласыз: support-kz@haieronline.kz.
Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары өзгеруі мүмкін, толық ақпарат алу үшін Haier байланыс орталығына хабарласыңыз.

Кепілдік міндеттемлер ақаулықтары келесілердің салдарынан пайда болған бұйымдарға қатысты болмайды:

— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— электрлік қосылулармен жұмыстар технологиясын бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға құжатпен расталған

тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілгендей, Тауарға уақтылы қызмет көрсетілмесе;
— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың ұсынылған

мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген құрылымдық

немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз әрекеттерінен;
— бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттектердің, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің тіршілік әрекеттерінің

өнімдерінің түсуінен пайда болған бұзылулар анықталса;
— бұйымды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану.

Кепілдікті қызмет көрсету жұмыстардың келесі түрлеріне қатысты болмайды:

— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосуға;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
— бұйымды сыртынан немесе ішінен тазартуға.

Кепілдікті қызмет көрсетуге төменде аталған шығыс материалдар мен керек-жарақтар жатпайды:

— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат беру элементтері, қуат берудің сыртқы блоктары және зарядтау

құрылғылары, жалғағыштары бар біріктіргіш сымдар;
— бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар:

— Haier Корпорациясы тұтынушы бұйымды пайдаланғанда құпия немесе дербес ақпаратты жоғалтқаны үшін жауапты

болмайды;
— yшінші тұлғалардың қызмет көрсетуі және/немесе бағдарламалық қамтымды орнатуы алдын ала ескертусіз өзгертуі,

уақытша тоқтатуы немесе тоқтатуы мүмкін.

Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге, және де, нәтиже ретінде, оған
кеплідікті қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіруші тақтайшаларды алып тастауға
тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас тартудың себебіне
айналуы мүмкін.

Оглавление