Инструкция Haier CEF535ASG

Қолданар алдында (стр. 14 из 32)

Бренд: Haier

Страница 14 документа Haier CEF535ASG. Раздел: Холодильники. Бренд: Haier.

Текст страницы

Қолданар алдында

Сипаты
Барлық кескіндер мен схемалар танысу мақсатында берілген және нақты құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін.

  1. LED жарықтандыру
  2. Total No Frost
  3. Реттелетін сөре
  4. Көкөністер мен жемістерге арналған қорап
  5. Mұздатқыш қораптар
  6. Pеттелетін аяқтар
  7. Жоғарғы бөтелке ұстағыш
  8. Орташа бөтелке ұстағыш
  9. Yлкен бөтелке ұстағыш

*CEF537A*** / CEF535А***

Орналастыру орны

Монтаждау ережелері мен шарттары:

Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түспейтін, тоңа­
зытқыштың есіктерін оңай және ыңғайлы ашуға болатын
тегіс және қатты жерге орнату керек. Егер тоңазытқыш тегіс
емес жерге қойылса, тіреуіш ретінде біркелкі, берік және
отқа төзімді материалдарды пайдалану керек. Тоңазытқыш
сәл тұрақсыз болса, реттелетін тоңазытқыш аяқтарын сағат
тілімен немесе сағат тіліне қарсы бұру арқылы ұзартуға не­
месе қысқартуға болады.

Дұрыс жұмыс істеуі үшін тоңазытқыш аздап артқа ең­
кейтілген - дизайн ерекшелігі.

Сақтау ережелері және тасымалдау:

Қапталған тоңазытқыш тік қалпында 80%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта, табиғи желдетілетін жабық бөлмеде
сақталуы тиіс.

KZ

Тоңазытқыш ұзақ уақыт желіден ажыратулы тұрған кезде, ішіндегі азық-түлікті алып тастап, камераны тазалаңыз. Камераларда
жағымсыз иістің пайда болмауы үшін, тазалап болған соң, есіктерін аздап ашып қойыңыз.

Тоңазытқышты көлік құралының ішінде ықтимал соққы алуын, жылжуы мен құлап түсуін болдырмау үшін, сенімді етіп бекітіп, кез
келген жабық көлік түрінде тік күйінде тасымалдау керек.

Өткізу: Өткізу шарттары елдің жергілікті заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Пайдалану алдындағы дайындық

Қаптаманы, көбікпласт негізді және аксессуарларды бекітетін жабысқақ таспаны алып тастаңыз. Ілеспе құжаттама мен аксессу­
арларды тексеріңіз. Жинақтамада алшақтық болған жағдайда, сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде дүкенге хабарласыңыз. Тоңа­
зытқышты тиісті орынға жылжытыңыз – «Орналастыру орны» тарауын қараңыз. Пайдаланар алдында корпусты тазалап алыңыз. Ішіне
азық-түлікті салудан бұрын, ылғал жұмсақ шүберекпен тоңазытқыштың сыртқы және ішкі бетін тазалаңыз. Аспапты теңестіріп және
тазалап алғаннан кейін, оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, тоңазытқышты қосудан бұрын, ол кемінде 6 сағат жұмыс
істемей тұруы тиіс. Тоңазытқышты электр қорегіне қосқан соң, тоңазыту және мұздату камераларының температурасы автоматты түрде
сәйкес ретте 5 °C және -18 °C етіп белгіленеді. My Zone бөлімі тоңазыту құрылғысы режимінде жұмыс істейді. Режимді қолмен бап­
тау: «температураны баптау» батырмасын басу арқылы температураны беруге болады (осы нұсқаулықтың «Функкциялар» тарауын
қараңыз). Тоңазытқыш біршама уақыт жұмыс істеп, тоңазытқыштың бөлігі жеткілікті шамада суыған соң, тоңазытқышқа азық-түлікті
салуға болады.

ФУНКЦИЯЛАР

Басқару панелі
Дисплейді басқару және бұғаттау функциясы

Жұмыс аяқталғаннан кейін дисплей экраны өшіп, құлыпталады (F индикаторы жанады). Тоңазытқыштың есі­
гін ашқан кезде немесе кез келген түймені басқан кезде жанады. (Дабыл кезінде ескерту экраны жанбайды).
Құлыптау функциясы: A индикаторы жанғанша, дисплей экраны құлыптанғанша A4 түймесін 3 секунд басып
тұрыңыз. Құлыпты ашу функциясы: F индикаторы сөнгенше, дисплей экраны құлыптанғанша A4 түймесін 3 се­
кунд басып тұрыңыз.

Тоңазытқыштың температурасын баптау (Super-Cool)
Қажетті температураны таңдау үшін A1 түймесін басыңыз, температура Мин-ден Макс-қа дейін ауысады,
қажетті индикатор орнын таңдаңыз. Тоңазытқыштың температуралық диапазоны минималды 2 ° C-тан 8 ° C-қа
дейін өзгереді. Орнатылған температураны растау үшін A2 немесе A4 түймесін басыңыз.

Мұздату камерасының температурасын баптау (Super-Frz)
Қажетті температураны таңдау үшін A2 батырмасын басыңыз, температура Мин-ден Макс-қа дейін ауысады,
қажетті индикаторды таңдаңыз. Тоңазытқыштың температуралық диапазоны минималды мәннен -24 ° C дейін,
максималды мән -16 ° C аралығында болады. Орнатылған температураны растау үшін A2 немесе A4 түймесін
басыңыз. Мұздатқышқа көптеген өнімдерді орналастырудан 24 сағат бұрын қосуға болады.

Қатты суыту (Super-Cool)
Функцияны белсендіру үшін, С индикаторы жанғанға дейін А1 батырмасын 3 секунд ұстап тұрыңыз. Қатты
суыту режимінен шығу үшін, С индикаторы ажыратылғанға дейін А1 батырмасын ұстап тұрыңыз. Бұл функция
температура ең төмен деңгейден төмен түскенде, автоматты түрде өшеді.

14

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.