Текст страницы
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
3. Су жылытқыштың кіріс құбырындағы шүмекті жабыңыз.
4. Су бұрғыштың ұшын сақтандырғыш клапанының шығу саңы
лауына бекітіңіз. Сақтандырғыш клапанының тұтқасын басыңыз.
5. Суық және ыстық суға арналған құбырларды су жылытқыштан
ажыратыңыз (құбырларда қалған суды жинау үшін шаралар қол
даныңыз) және оны қабырға бекіткіштерінен абайлап алыңыз.
6. Су жылытқышты құбырлармен бірге төңкеріп, су жылытқыштың
багынан суды толығымен төгіңіз.
Су жылытқыштың зақымдалуын болдырмау үшін екінші рет қол
данған кезде, электр қуат көзін қоспас бұрын, алдымен ыстық
су шүмегін ашып, құбырлардан бар ауаны шығаруды ұсынамыз.
Ашық клапанның жанында темекі шегуге тыйым салынады,
ашық жалынның болуына жол берілмейді.
Сонымен қатар, су жылытқыштың бөліктері жақсы күйде екенін
мұқият тексеру керек.
Су багы толығымен сумен толтырылғанына және құбырлар қо
сылған жерлерде ағып кетудің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін,
жылытқышты электр қуат көзіне қосуға болады.
Егер су жылытқышы ұзақ уақыт пайдаланылмаса
Егер су жылытқышы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, келесі әрекет
терді орындау қажет:
Төменгі қосылымы бар үлгілер үшін
1. Су жылытқыштың электр қуат көзін өшіріңіз.
2. Су жылытқыштың кіріс құбырындағы шүмекті жабыңыз.
3. Су бұрғыштың ұшын сақтандырғышклапанының шығу саңы
лауына бекітіңіз. Сақтандырғыш клапанының тұтқасын басыңыз.
4. Су жылытқыштың ыстық су шүмегін мүмкіндігінше ашыңыз.
(Ыстық сумен күйіп қалмауға назар аударыңыз). Су жылытқыштың
багынан суды төгіңіз.
Жоғарғы қосылымы бар үлгілер үшін
Назар аударыңыз! Бұл операция су жылытқышты бөлшек
теуді қажет етеді. Осы жұмыстарды жүргізу үшін Сервистік
орталыққа хабарласуды ұсынамыз.
1. Су жылытқыштың электр қуат көзін өшіріңіз.
2. Су жылытқыштың ыстық су шүмегін мүмкіндігінше ашыңыз.
(Ыстық сумен күйіп қалмауға назар аударыңыз). Ыстық судың
су жылытқыштан толығымен төгілгенше дейін күтіңіз (термометр
су жылытқышының ішіндегі судың төмен температурасын көрсе
тетін аймақта болуы керек).
15