Инструкция Haier ES100V / Haier ES50V / Haier ES80V

Страница 27 (стр. 27 из 38)

Бренд: Haier

Страница 27 документа Haier ES100V / Haier ES50V / Haier ES80V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Haier.

Текст страницы

F3/F3C/F5C/F7/TF7/TF7P сериялары үшін тік орнату келесідей орындалады:

1. 1-суретте орнату сызбанұсқасын қараңыз, 3-суретте көрсетілген өлшемдерге сəйкес,
қабырғада 2 саңылауды перфоратормен немесе бұрғымен бұрғылаңыз, осылайша олар
кеңейту бұрандамаларының диаметріне сəйкес келеді.
2. Алдымен анкерлік бұрандамаларды қабырғадағы саңылауларға кіргізіңіз, содан кейін
оларды бекітіңіз (бұраңыз), содан кейін электр су жылытқышты ілмектерге іліп қойыңыз.
3. Сақтандырғыш клапанын жəне басқа керек-жарақтарды «Сақтандырғыш клапанын
орнату» тармағына сəйкес орнатыңыз. Судың ағып кетуіне жол бермеу үшін қосылыстардың
тығыздалуына назар аударыңыз.

TF7 / TF7P сериялары үшін көлденең орнатуға болады, орнату əдісі төменде
жазылған:

1. 4-суретте орнату сызбанұсқасын қараңыз, 5-суретте көрсетілген өлшемдерге сəйкес,
қабырғада 2 саңылауды перфоратормен немесе бұрғымен бұрғылаңыз, осылайша олар
анкерлік бұрандамалардың диаметріне сəйкес келеді.
2. Алдымен анкерлік бұрандамаларды қабырғадағы саңылауларға кіргізіңіз, содан кейін
оларды бекітіңіз (бұраңыз), содан кейін электр су жылытқышты ілмектерге іліп қойыңыз.
3. Сақтандырғыш клапанын жəне басқа керек-жарақтарды «Сақтандырғыш клапанын
орнату» тармағына сəйкес орнатыңыз. Судың ағып кетуіне жол бермеу үшін қосылыстардың
тығыздалуына назар аударыңыз.

• Электр су жылытқышты орнату мен құрастыруды жеңілдету үшін электр су жылытқыштың
жеткізу (суық) жəне шығару (ыстық) құбырларының түйісулерінде жəне қосылыстарында
G1/2 бұрандалы қосылысын пайдалану ұсынылады. Ішкі бакты сумен толтырыңыз жəне
ағып кетудің бар-жоғын, барлық жерде қосылыстардың тығыздалғанын тексеріңіз. Егер су
ағып кетсе, суды ағызып, қайта қосыңыз.

Ескерту: келесіге көз жеткізіңіз:
- F1 / F1M сериялары үшін құрылғының артқы жағындағы ілмектер қабырғаға мықтап
бекітілген;
- F3 / F3C/ F5C / F7 / TF7 / TF7P сериялары үшін дене жарақатына немесе мүліктің
жоғалуына/бұзылуына əкелуі мүмкін электр жылытқышының құлап кетуіне жол бермеу
үшін құрылғының артқы жағындағы қабырға кронштейні қабырғадағы анкерлік
бұрандамаларға мықтап бекітілген.

Сақтандырғыш клапанын орнату

6-сурет

Төкпе құбыршекке
қосыңыз

• Сақтандырғыш клапанының корпусындағы тілшенің
бағытына сəйкес (тілше су жылытқышты көрсетеді), суды
ЭСЖ-қа өткізетін құбырға орнатылатын, 0,80 МПа тең
(G1/2 бұрандамалы бөлігі) номиналды қысыммен
сақтандырғыш клапанын орнатыңыз. Электр энергиясы
ЭСЖ-на қосылып, су қызған кезде бакта су кеңейеді.
Бактағы қысымды төмендету үшін аз мөлшердегі су
қыздырылған кезде сақтандырғыш клапанының шығу
саңылауынан ағып кетуі мүмкін. Сақтандырғыш клапанының
саңылауынан судың кедергісіз шығуын қамтамасыз етіңіз.

• Сақтандырғыш клапанының төкпе құбыршегін орнату əдісі: құбыршектің бір ұшы
сақтандырғыш клапанының қысымын төмендететін саңылауға бұралып, құбыршектің
ұзындығын нақты жұмыс жағдайларына байланысты реттеуге болады, қысымды босату
кезінде су еденге тамшыламау үшін, екінші ұшы канализациялық саңылауға қосылады.
Сақтандырғыш клапанның төкпе құбыршегін үй-жайдағы плюс температурада
майыстырмай еңкіш күйінде жалғау керек.

8

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.