Инструкция Haier ES100V / Haier ES50V / Haier ES80V

Страница 32 (стр. 32 из 38)

Бренд: Haier

Страница 32 документа Haier ES100V / Haier ES50V / Haier ES80V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Haier.

Текст страницы

Пайдалану (F1M/F3/F3C сериясы)

Орнатуды аяқтағаннан кейін алдымен су жылытқыштың кіріс клапаны мен шығыс
келтеқұбырын ашыңыз, өйткені бірінші жұмыс кезінде бакта су болмайды, содан кейін ыстық
судың максималды қысымын қамтамасыз ету үшін араластырғыш клапанды ашыңыз. Душ
суқұйғышынан су ағыны үздіксіз аққаннан кейін шығыс келтеқұбырын жабыңыз, өйткені бұл
бактың сумен толтырылғанын білдіреді. Барлық қосылыстардың тығыз орнатылғанына көз
жеткізгеннен кейін, ЭСЖ-ты қосыңыз.

Бір / екі бакты қыздыру режимі

ECO

1. Су жылытқышты орнатқаннан кейін оны сумен толтырып,
желіге қосыңыз. «Heating R» индикаторы жанады. Оң жақ
бактағы суды жылыту үшін 1500 ватт қуат автоматты түрде
пайдаланылады. Номиналды температура 55 °C.

2. Айналмалы тұтқаны пайдаланып, су жылытқыштың сол жақ
багындағы судың қызу температурасын реттеңіз. Мүмкін
болатын ең жоғары температура 75 °C.

F1M сериясы

HEATING L

HEATING R

Температураны реттеудің айналмалы тұтқасы:
Температураны жоғарылату үшін тұтқаны сағат тілімен бұраңыз.
Максималды температураға жеткенде тұтқа бұрылуды тоқтатады.
Температураны төмендету үшін тұтқаны сағат тіліне қарсы
біртіндеп бұраңыз. Егер сіз ең төменгі температураға жеткеннен
кейін тұтқаны бұруды жалғастыра берсеңіз, онда су жылытқышы
өшеді.
Егер «Heating L» индикаторы жанып тұрса , бұл сол жақ бактағы
судың қызып жатқанын білдіреді. Осы уақытта сол жəне оң бакта
су жалпы қуаты 3000 ватт болатын екі қыздыру элементі арқылы
қызады. Егер «Heating L» индикаторы сөніп қалса, бұл қыздыру
аяқталғанын жəне күту режимінде екенін білдіреді.

MAX/BPS
ECO

F3/F3C сериясы

Ескерту:
1. Су жылытқышы желіге қосылған кезде оң жақ бак 55 °C
температураға дейін қыздыру режимінде болады. Ол қызады
жəне оны ұстап тұрады.
2. Су жылытқышқа сумен жабдықтау кезінде ғана суды
жылытуды қосыңыз.
Жанып кетпес үшін су жылытқышты қоспас бұрын оның
бактары толығымен сумен толтырылғанына көз жеткізіңіз.

Бактерияларды жою функциясы

Тұтқаны максималды температура белгісіне (75 °C) бұру арқылы сіз бактериялардан
автоматты қорғауды (BPS режимі) қосасыз.

Пайдалану туралы ескертулер

1. Ішкі бак сумен толық толтырылмағанынша дейін, қуат көзін қоспаңыз, бұл ЭСЖ-тың
зақымдалуын болдырмауға көмектеседі.
2. ЭСЖ-ты қолданар алдында, ол күйіп кетпес үшін, су температурасының қолайлы мəнін
орнатыңыз.
3. Судың температурасы қалыпты болып тұрғанда, төменгі температураны орнатыңыз, бұл
жылу шығынын, жоғары температурадан туындаған коррозияны жəне күйдіруді
болдырмауға көмектеседі, нəтижесінде ЭСЖ-тың қызмет ету мерзіміне оң əсер етеді.
4. Жанармай сияқты жанғыш материалдарды ЭСЖ-қа жақын қоймаңыз, бұл өртке əкелуі
мүмкін.

13
13

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.