Текст страницы
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Назар аударыңыз!
(Мұнда адам денсаулығына және мүлікке зиян келтіруі мүмкін дұрыс емес пайдалану мысалдары келтірілген!)
Қоршаған ауаның теріс температурасы болуы мүмкін жерлерде ЭСЖ орнатуға қатаң тыйым салынады. Мұздату су ыды
сы мен құбыр жүйесіне зақым келтіруі мүмкін.
Қатты суыққа ұшыраған жерлерде ЭСЖ орнатуға қатаң тыйым салынады. Бак пен ЭСЖ құбыр жүйесінің мұздануы оның
бетінде жарықтар тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде судың ағып кетуіне әкеледі.
Тыйым салынады!
Аязды ауа-райында мұздануды және ЭСЖ-не зиян келтіруді болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау
қажет. Электр кабелі (сым) зақымдалған жағдайда қауіпті жағдайлардың туындауын болдырмау үшін ЭСЖ Өндірушісімен,
Уәкілетті қызмет көрсету орталығымен немесе кабельді ауыстыруды жүзеге асыру үшін білікті маманмен хабарласу
қажет.
Ескерту!
Назар аударыңыз! Ыстық сумен күйіп қалмас үшін сақтық шараларын қолданыңыз! Қақпақша мен ыстық су құбырына
тигізбеңіз. ЭСЖ қолданар алдында судың температурасы душ немесе ванна қабылдауға қолайлы екеніне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
ЭСЖ ыстық суын тікелей ауыз су ретінде немесе осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланбаңыз.
Тыйым салынады!
Кәмелетке толмағандар аспаптың көмегімен ванна немесе душ қабылдаған кезде ересектердің болуы қатаң түрде қажет.
Ескерту!
ЭСЖ пайдалануды ұзақ мерзімді тоқтатқан жағдайда ЭСЖ-ты электр қуат көзінен ажырату, сондай-ақ Тазалау және күтім
жөніндегі нұсқаулық бөліміне сәйкес су жинағышта қалған барлық суды төгу қажет.
Назар аударыңыз!
5