Текст страницы
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Аспапты тегіс, құрғақ, тұрақты бетке орнатыңыз.
• Жеткіліксіз мөлшерде су құылған (250 мл аз)
шәйнекті қоспаңыз және шәйнекке "МАХ"
белгісінен жоғары су құймаңыз, бұның салдарынан
шәйнек істен шығуы мүмкін.
• Аспапты үстелдің немесе үстелдің үстіңгі
тақтайының шетіне орнатпаңыз.
• Аспапты пайдаланар алдында осы пайдаланушы
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта
көрсетілген пайдалану ережелерін сақтамау
жарақаттар алуға және пайдаланушы мүлкінің
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Тазалау үшін абразивті тазартқыш құралдарды
немесе қатты металл жөкелерді пайдаланбаңыз.
• Шәйнекті қыздырудан пішіні өзгертілуі мүмкін за-
ттардың жанында орнатпаңыз. Шәйнектен басқа
заттарға дейінгі минималды қашықтық -20 см.
• Аспапты пайдаланар алдында электр желісінің
сипаттамалары құрылғының заттаңбасында көр-
сетілгендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Аспаптың корпусына бөгде заттар мен сұйықтықтың
түсуіне жол бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
• Шәйнекті суды қыздыру үшін ғана пайдаланыңыз.
Шәйнекті қоспай тұрып оның қақпағын жабу керек.
• Шәйнек қақпағын су қыздырылып жатқанда және
өшіргеннен кейін бірден ашпаңыз.
• Аспапты тек жерге тұйықталуы бар розеткаға ғана
қосыңыз (жергілікті ережелерге сәйкес орындалған
жерге тұйықталу болмаған жағдайда өндіруші
(өндірушінің уәкілетті тұлғасы) өзінен шығынды өтеу
бойынша жауапкершілік-ті алып тастайды).
• Аспапты қараусыз қалдырған кезде, оны пайдаланып
болғаннан кейін, сондай-ақ тазаламай, жылжытпай
және сақтауға алып қоймай тұрып желі баусымының
ашаны розеткадан суырыңыз.
• Ыстық суға толы шәйнекті пайдаланған кезде аса сақ
болыңыз, Күйіп қалмау үшін шәйнектің корпусына
қолыңызды тигізбеңіз, тұтқасынан ұстаңыз.
• Ысып тұрған бос шәйнекке суық су құймаңыз,
шәйнек суығанша күтіңіз.
• Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндіктері
шектеулі немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалардың (соның ішінде балалар), сонымен
қатар тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың
пайдалануы үшін тағайындалмаған.
• Желі баусымының, желі баусымы ашасының және
шәйнектің зақымдалған-зақымдал-мағанын үнемі
тексеріп тұрыңыз. Кез келген түрдегі зақымдану
анықталған жағдайда, пайдалануды дереу тоқтатып,
оны тексеру, ауыстыру немесе жөндеу үшін жақын
маңдағы қызмет көрсету орталығына тапсырыңыз.
• Қосылып тұрған шәйнекті негізінен алып
тастамаңыз.
• Бұл құрылғы тек үй жағдайларында пайдалану үшін
арналған.
• Шәйнектің корпусы мен негізін су ағынымен жумаңыз.
• Аспап туралы ақпарат қамтылған шильдті
жоймаңыз және бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын
алған жағдайда аспапты дәл сәйкестендіру
үшін қажет.
• Электр тогынан зақымдануды болдырмау үшін
аспапты, желілік шнурды немесе желілік шнурдың
вилкасын суға немесе өзге сұйықтыққа батырмаңыз.
• Бұйымды тек қана зауыттық қаптамада, сонымен
қатар бекітілген күйінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
• Қуат көзі шнурының ыстық бетке жанасуына жол
бермеңіз, бұл оның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Жиналған қақ салдарынан шәйнек қосылып
тұрғанда қатты шу шығуы, температура датчигі қате
істеуі және су ұзағырақ қайнауы мүмкін. Қақ пайда
болғанына қарай шәйнектегі қақты кетіріп отыруға
кеңес береміз.
• Құрылғыны өткізу жүзеге асырылатын елдің
заңнамасы талаптарына сәйкес және оны сақтай
отырып, кәдеге жаратыңыз..
• Тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз.
Аспапты басқа жылу көздерінің жанына қоймаңыз.
• Алғаш рет қосу алдында аспаптың дұрыс жи-
налғанына және барлық қаптау материалдары
жойылғанына көз жеткізіңіз.
12
13