Текст страницы
Бітеуіштерді
орнату
Пайдалануды бастар алдында бітеуіштерді алдыңғы панельдің немесе пластмассалы
іргеқабат панелінің саңылауларына суреттерге сәйкес орнату керек. Бітеуіштер
жиынтықталымға кіреді.
Бирюса 154DN, 235DN:
Құлып бітеуіші
Құлып бітеуіші
Құлып ригелінің
бітеуіші
Құлып ригелінің
бітеуіші
Жалауша сөндіргішінің
бітеуіші
ҚАЗАҚША
Бирюса 461RN, 461KRN, 461RDN, 461KRDN, 461RDNQ, 461KRDNQ, 521RN, 521KRN, 521RDN,
521KRDN, 521RDNQ, 521KRDNQ:
Жалауша сөндіргішінің
бітеуіші
Есік кронштейнінің
Құлып ригелінің
бітеуіші
бітеуіші
Құлып бітеуіші
Құлып ригелінің
бітеуіші
Құлып бітеуіші
Ескертпе
• Механикалық құлыбы кіріктірілген жаймасөрелер үшін («Z» белгісі) құлып бітеуіштерінің
және құлып ригелінің саны 1 дананы құрайды.
• Термометрі бар Бирюса 154DN жаймасөрелері үшін бітеуіштер болмайды.
Тазалау
Жаймасөрені электр қуаттау желісіне қосу алдында жаймасөренің ішкі және сыртқы
беттерін, сондай-ақ құрамдас бөліктерін жылы сабынды ерітіндімен суланған жұмсақ
матамен жуу керек, таза сумен жуып, құрғатып сүрту және есігін ашып, жаймасөрені бір
сағат ішінде желдету керек.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Жаймасөрені жуу үшін абразивті пасталарды және құрамында қышқылдары мен
ерітінділері бар жуғыш құралдарды пайдалануға тыйым салынады!
Жаймасөрені
желіге қосу
• Жаймасөрені жиілігі 50 Гц айнымалы тоқ және номиналды кернеуі 220 В болатын желісіне
қосу керек (жаймасөре 198 В бастап 242 В дейін қалыпты жұмыс істей алады). Көрсетілген
параметрлерге сәйкес келмейтін желіге қосу жаймасөренің істен шығуына әкеп соқтыруы
мүмкін. Егер желідегі кернеу ұсынылатын параметрлерге сәйкес келмесе, онда жаймасөре
тұрақты жұмыс істеу үшін кемінде 1600 ВА толық іске қосу қуатына есептелген кернеу
тұрақтандырғышын орнату керек (мамандырылған дүкенде сатып алынады).
• Жаймасөрелер «I» кластағы электр тоғымен зақымданудан қорғау түрі бойынша (жерге
тұйықтау сымымен бірге) шығарылады, сондықтан жаймасөрені жерге тұйықталған электр
желісіне ғана қосу керек. Егер розетка жаймасөренің желілік баусымының ашасына сәйкес
келмейтін болса, онда «I» қорғаныс класындағы розеткасын орнату үшін білікті электршіге
жүгіну керек.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
• Жаймасөрені желіге қосар алдында компрессор астында орналасқан еріген су
ыдысын бекіту сенімділігін тексеріңіз.
• Егер жаймасөре 0 °С төмен температурада сақталған немесе тасымалданған
болса, онды электр қуаттау желісіне қосар алдында жаймасөрені есігін ашып, бөлме
температурасында кемінде 8 сағат ұстау керек. Жаймасөрені жылытпай желіге қосу
оның істен шығуына әкеп соқтыруы мүмкін!
• Егер жаймасөренің қаптамасы көлденең күйінде ашылған болса, онда жаймасөрені
тік күйіне келтіргеннен кейін желіге қосар алдында кемінде 30 минуттай күтіп ұстау
керек. Бірден қосу тоңазытқыш агрегатының істен шығуына әкелуі мүмкін!
Азық-түлікті жаймасөреде оны электр қуаттау желісіне қосқаннан кейін кемінде 4 сағаттан
кейін салуға болады.
Өнімдерді
орналастыру
29