Инструкция холодильная витрина Бирюса L152

Страница 27 (стр. 27 из 77)

Бренд: L152

Страница 27 документа Холодильная витрина Бирюса L152. Раздел: Холодильники. Бренд: L152.

Текст страницы

ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Қаптаманы
ашу
Орам таспаларын кесіп тастаңыз, ораманы абайлап алыңыз.

Бирюса 102, 154DN термометрі бар:

• Жаймасөрені соқпай, ақырындап, артқы қабырғасына салыңыз.
• 13 сомын кілті көмегімен ағаш түбінің бекіткіш бұрандамаларын бұрап алыңыз және түбін
алып тастаңыз. Осыдан кейін, жиынтықталымына кіретін реттеу тіректерін бұрандалы
саңылауларға бұраңыз. Тірек алты қырлы түрінде орындалған және оны бұрау қиын болса,
бұру үшін 27 кілтті қолданыңыз.
• Жаймасөрені тік қалпына орнатыңыз.

Пайдалануды бастар алдында жаймасөренің бөлшектерінен қорғаныс үлдірін (жарықдиодты
шырағданнан, бақылағыш дисплейінен және т.б.) алып тастаңыз.

ҚАЗАҚША

Орнату

• Жаймасөре орнатылатын орынжайдың едені тегіс және берік болуы тиіс.
• Жаймасөрені тікелей күн сәулелерінен қорғалған, кедергілер мен жылу көздерінен
(жарықтандыру, қыздыру аспаптарынан және т.б.) кемінде 50 см қашықтықта орнатылуы
тиіс.
• Жаймасөренің үстіндегі ауа айналымын қамтамасыз ету үшін кемінде 10 см бос орын
болуы керек.
• Жылжыту үшін жаймасөре доңғалақ тіректерімен жабдықталған.
• Есіктердің өздігінен жабылуы үшін тік өстен сәл артқа (5-7 мм) тоңазытқышты орнату
ұсынылады.
• Қажет болған кезде жаймасөренің есіктерін қарама-қарсы жаққа ашылатындай қайта
орналастыруға болады. Есіктерді қайта орналастыру кепілдікті міндеттемелерге жатпайды
және сервистік орталықтың механигімен (бөлек төлемге) немесе «Есіктерді қайта
орналастыру» бөлімінде келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланушымен өз бетінше
жүргізіледі.

Бирюса 461RN, 461RDN, 461RDNQ, 521RN, 521RDN, 521RDNQ:

• Шыны есікті ашар алдында жаймасөре алдыңғы доңғалақ тіректері еденге тимейтіндей
етіп, реттеу тіректеріне орнатылуы тиіс.
• Жаймасөрені орнатқаннан кейін реттеу тіректерінің қарсы сомындарын бұрап тарту керек.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

Осы талаптарды орындамау жаймасөрені ашқан кезде оның төңкерілуіне әкеп
соқтыруы мүмкін!

Қарсы сомын

Реттеу тірегі

Доңғалақ тірегі

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

Жаймасөре қоршаған ауа температурасы +16°С бастап +32°С дейін (Бирюса 290N,
310N модельдері үшін 16-дан 40 °C-қа дейін), салыстырмалы ылғалдылығы 55%-
дан аспайтын құрғақ желдетілетін орынжайда пайдалануға арналған. Орынжайдағы
салыстырмалы ылғалдылық 55%-дан жоғары болса, шыны есігінде конденсат пайда
болуы мүмкін.

Теңестіру
• Жаймасөрені көлденең жазықта теңестіру реттеу тіректерін бұрау немесе бұрап алу
арқылы жүзеге асырылады.
• Есіктердің өздігінен жабылуы үшін тік өстен сәл артқа қарай (5-7 мм) жаймасөрені орнату
ұсынылады.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

Жаймасөрені теңестіру кезінде оны пайдалану барысында діріл мен шудың түзілуін
болдырмау үшін оның тұрақты күйіне көз жеткізу қажет.

26

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.