Текст страницы
ЕСКЕРТУ!
Күнделікті пайдалану
f
Электр қуаты өшкен жағдайда немесе тазалау алдында құрылғыны әрдайым
желіден ажыратыңыз. Құрылғыны қайта іске қоспас бұрын кем дегенде 7 минут
күтіңіз, себебі жиі іске қосу компрессорға зақым келтіруі мүмкін.
f
Ішкі контейнерлерді тазалау кезінде электр аспаптары өндіруші ұсынған типке
сәйкес келмесе, оларды пайдаланбаңыз. Қызмет көрсету/тазалау
f
Балалар құрылғыны тек ересектердің бақылауымен тазалап, күтіп ұстай алады.
f
Тұрақты техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны электр
розеткасынан ажыратыңыз. Құрылғыны қайта іске қоспас бұрын кем дегенде
7 минут күтіңіз, себебі жиі іске қосу компрессорға зақым келтіруі мүмкін.
f
Құрылғыны өшіргенде кабельді емес, ашаны тартыңыз.
f
Құрылғыны
қатты
щеткалармен,
сымды
жуғыштармен,
жуғыш
ұнтақпен,
бензинмен, амилацетатпен, ацетонмен және басқа да осындай органикалық
ерітінділермен, қышқылдық немесе сілтілі ерітінділермен тазалауға болмайды.
Зақымдануды болдырмау үшін тоңазытқыштарды жууға арналған арнайы
құралдарды қолданыңыз.
f
Мұзды өткір заттармен шағуға болмайды. Пластик бөлшектерге зақым келтірмеу
үшін бүріккіштерді, электрқыздырғыштар мен фендерді, бу тазартқыштарын
немесе басқа жылу көздерін пайдаланбаңыз.
f
Мұзын еріту процесін жылдамдату үшін дайындаушы ұсынғаннан басқа
механикалық құрылғыларды немесе басқа құралдарды пайдаланбаңыз.
f
Жарақаттануды және электр тогының соғуын болдырмау үшін электрлік қуат
көзінің зақымдалған кабелін тек өндіруші, сервистік орталықтың өкілі немесе
ұқсас біліктілікке ие тұлға ауыстыруы керек.
f
Құрылғыны өз бетіңізбен жөндеуге, бөлшектеуге немесе оның құрылымына
өзгерістер енгізуге әрекеттенбеңіз. Жөндеу қажет болған жағдайда біздің
клиенттерді қолдау қызметімен байланысыңыз.
f
Тұтану қаупін болдырмау, сондай-ақ энергияны тұтынуды арттыру мақсатында
құрылғының артқы панелінде жиналған шаңды жылына кемінде бір рет сүртіп
тұрыңыз.
f
Тазалау кезінде құрылғыға су шашпаңыз немесе оған су құймаңыз.
f
Құрылғыны тазалау үшін су бүркімеңіз немесе буды пайдаланбаңыз.
f
Суық шыны сөрелерді ыстық сумен жууға болмайды. Температураның кенет
өзгеруінен шыны шытынап кетуі мүмкін.
Тоңазытқыш агент туралы ақпарат
f
Құрылғы құрамында ИЗОБУТАН (R600a) тез тұтанғыш тоңазытқыш агенті
бар. Тасымалдау немесе орнату кезінде тоңазытқыш агент контурының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Тоңазытқыш агенттің ағып кетуі нәтижесінде
көз жарақаты болуы немесе тоңазытқыш агент тұтануы мүмкін. Егер зақымдалса,
ашық от көздерін тоңазытқышқа жақындатпаңыз, орынжайды әбден желдетіңіз,
тоңазытқыштың немесе кез келген басқа құрылғының электрлік қуат көзі
кабельдерін қоспаңыз не ажыратпаңыз. Бұл туралы клиенттерге қолдау көрсету
қызметіне хабарлаңыз.
f
Тоңазытқыш агент көзге тиіп кетсе, дереу ағынды сумен шайып, көз дәрігеріне
хабарласыңыз.
KZ
7