Текст страницы
ЕСКЕРТПЕ:
Жеке тұрған құрылғы үшін: бұл тоңазытқыш-мұздатқыш кіріктірілген аспап ретінде
пайдалануға арналмаған.
Қосар алдында ұстау уақыты
Майлауға арналған май компрессор капсуласында
орналасқан. Бұл май көлбеу тасымалдау кезінде
түтіктер арқылы ағып кетуі мүмкін. Құрылғыны
қуат көзіне қоспай тұрып, майдың қаптамаға
қайтуы үшін кемінде 2 сағат күту керек.
2 сағ
Қуаттау желісіне қосылуы
Әр қосылым алдында мыналарды тексеріңіз:
f
қуат көзінің, розетканың параметрлері және сақтандырғыш зауыттық тақтайшада
көрсетілген талаптарға сәйкес келеді;
f
қуат көзінің розеткасы розетка блогының немесе ұзартқыштың бөлігі емес және
жерге тұйықталған;
f
аша мен розетка бір-біріне қатаң сәйкес келеді.
Ашаны дұрыс орнатылған розеткаға салыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Қуат сымы бүлінген жағдайда, қауіпті болдырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе осыған ұқсас білікті персонал ауыстыруы тиіс.
KZ
17