Инструкция холодильник компактный Candy CSR90WAA

Страница 27 (стр. 27 из 44)

Бренд: Candy

Страница 27 документа Холодильник компактный Candy CSR90WAA. Раздел: Холодильники. Бренд: Candy.

Текст страницы

ЕСКЕРТУ!

Күнделікті пайдалану

f
Бұл құрылғыны 8 жастағы не одан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық
немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тиісті тәжірибесі мен білімі жоқ
тұлғалардың (егер пайдалануы қадағаланса, құрылғыны қауіпсіз пайдалану
туралы нұсқаулық берілсе және ықтимал қауіптерді түсінсе) пайдалануына рұқсат
етіледі.
f
3 пен 8 жас аралығындағы балаларға құрылғыны пайдалануға рұқсат етіледі,
бірақ оны тазалауға немесе орнатуға рұқсат етілмейді.
f
3 жасқа дейінгі балалардың құрылғының жанында қараусыз болуына жол
бермеңіз.
f
Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынады.
f
Егер құрылғыға жақын жерде газ тәрізді тоңазытқыш агенттің немесе басқа тез
тұтанғыш газдың аққаны байқалса, газ шығып жатқан құбырдың клапанын жауып,
есік-терезені ашыңыз, тоңазытқыштың немесе басқа құрылғының электрлік қуат
көзі кабелінің ашасын розеткадан шығармаңыз.
f
Құрылғының белгілі бір қоршаған орта температурасы аралығында жұмыс істеуге
бапталғанын ескеріңіз: 10°C-тан 38 °C-қа дейін. Көрсетілген аралықтан жоғары
немесе төмен температурада ұзақ уақыт болу нәтижесінде жұмыста іркіліс болуы
мүмкін.
f
Құлау немесе су тию нәтижесінде электр тогының соғуы салдарынан жарақат
алуға жол бермеу үшін тоңазытқышқа тұрақсыз заттар (ауыр заттар, су толы
ыдыстар) қоймаңыз.
f
Есіктегі сөрелерді тартпаңыз. Мұндай жағдайда есік еңкейіп, бөтелке қоятын сөре
сырғып, құрылғы аударылып кетуі мүмкін.
f
Тек тұтқаларды ұстап, есіктерді ашыңыз және жабыңыз. Есіктер арасындағы,
сондай-ақ есіктер мен шкаф арасындағы саңылау өте тар. Жарақаттанбас үшін
саусақтарды онда салудан абай алыңыз. Тоңазытқыштың есіктерін ашпай не
жаппай тұрып, балаларға тиіп кетпейтініне көз жеткізіңіз.
f
Бұл құрылғыда немесе оған жақын жерде тез тұтанғыш, жарылу қаупі бар
не коррозиялық материалдарды сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
f
Құрылғыда дәрілерді, бактериологиялық немесе химиялық заттарды сақтамаңыз.
Бұл құрылғы тұрмыста пайдалануға арналған. Онда температуралық режимді
қатаң сақтауды қажет ететін материалдарды сақтау ұсынылмайды.
f
Мұздатқыш камерасында сұйықтық (спирттің пайыздық мөлшері жоғары спиртті
сусындардан басқа), әсіресе газдалған сусын құйылған бөтелкелерді немесе
қаңылтыр құтыларды еш уақытта сақтамаңыз, себебі олар мұздатқанда жарылып
кетуі мүмкін.
f
Мұздатқыш камерасында температура көтерілсе, тамақ өнімдерінің күйін
тексеріңіз.
f
Тоңазытқыш камерасында тым төмен температура орнатпаңыз. Құрылғы ішінде
ең төменгі температураны орнатқан кезде, теріс температура болуы мүмкін.
Бұның нәтижесінде бөтелкелер жарылып кетуі мүмкін.
f
Мұздатылған тағамдарды дымқыл қолмен ұстамаңыз (қолғап киіңіз). Мұздатқыш
камерасынан жеміс мұзын шығара салысымен, оны тамаққа қолданбаңыз. Үсу
қаупі болуы мүмкін. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: зардап шеккен аймақты дереу суық су
ағынына қойыңыз. Жұлып алуға әрекеттенбеңіз!
f
Мұздатқыш камерасының ішкі бетіне жұмыс істеп тұрған кезде қолды, әсіресе
ылғал қолды тигізбеңіз, себебі қол бетке жабысып қалуы мүмкін.

KZ

6

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.