Инструкция холодильник компактный Candy CSR90WAA

Страница 41 (стр. 41 из 44)

Бренд: Candy

Страница 41 документа Холодильник компактный Candy CSR90WAA. Раздел: Холодильники. Бренд: Candy.

Текст страницы

J
КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ

Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы таңдауыңыз үшін Сізге алғыс білдіреді, осы бұйымды пайдалану ережелерін сақтаған
жағдайда оның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істейтініне кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға арналған
кір жуғыш машиналардың ресми қызмет мерзімі бұйымды соңғы тұтынушыға берген күннен бастап 7 жылды
құрайды. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты қызмет ету мерзімі ресми қызмет ету мерзімінен
әлдеқайда ұзағырақ болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды
жүргізу үшін және ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық
өнім пайдалану шарттарын ескере отырып өндірілген және Еуразиялық экономикалық (кедендік) одақтың
техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.

Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін сатып алу кезінде пайдалану құжаттамасы мен кепілдік шарттарын мұқият
оқып шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады.
Егер Сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды және іске қосуды талап еткен болса, Біз Сізге Candy уәкілетті
сервистік орталығына хабарласуды ұсынамыз.

Haier Корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
қолданыстағы заңнамамен, басқа нормативтік актілермен бекітілген тұтынушылар талаптарын қанағаттаныдру
бойынша міндеттемелерді өзіне алғанын растайды. Алайда, Haier Корпорациясы мына шарттар орындалмаған
жағдайда бұйымға кепілдік бойынша қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

Кепілдік бойынша қызмет көрсету шарттары
Haier корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал
түсініспеушіліктерді болдырмау үшін оны сату кезінде бұйымға қоса берілген құжаттарды (тауар чегі, кассалық
чек, пайдалану құжаттамасы, кепілдік талоны) қызмет ету мерзімі ішінде сақтаңыз.

Кепілдік қызмет көрсетуді тек Candy уәкілетті сервистік орталықтары орындайды. Уәкілетті сервистік
орталықтарының толық тізімін Candy Ақпараттық орталығынан мына телефондар арқылы білуге болады:

8 (800) 070-03-29 — Қазақстандағы тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе https://haieronline.kz сайтында немесе support-kz@haieronline.kz электрондық поштасында сұрау салу
арқылы.

Уәкілетті сервистік орталықтардың деректері өзгертілуі мүмкін, толығырақ ақпарат алу үшін Candy Ақпараттық
орталығына хабарласыңыз.

Кепілдікті қызмет көрсету ақаулықтары мыналар салдарынан туындаған бұйымдарға қолданылмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
— бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
— тоңазытқыш сұлбамен жұмыстар технологияларын және электрлік қосылуларды бұзу, сонымен қатар

Бұйымды монтаждауға құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
— пайдалану құжаттамасында талап етілсе, Бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетудің болмауы;
— су құбыры желісінде артық немесе жеткіліксіз қысым;
— бұйымның осы түріне сәйкес келмейтін жуғыш құралдарды пайдалану, сонымен қатар жуғыш құралдардың

ұсынылған мөлшерлемесінен асып кеткенде;
— бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдаланғанда;
— үшінші тұлғалардың әрекеттерінен: уәкілеттері жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе өндіруші рұқсат етпеген

құрылымдық немесе сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
— стандарттардан және қуат беру желілердің нормаларынан ауытқу;
— еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
— жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасқана немесе абайсыз әрекеттерінен;
— егер бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттардың, сұйықтықтардың, жәндіктердің, жәндіктердің

қалдықтарының түсуінен болатын зақым анықталса;

Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсету мынадай жұмыс түрлеріне таралмайды:
— бұйымды пайдаланатын жерде орнату іске қосу;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беру;
— бұйымды сыртынан не болмаса ішінен тазалау.

Кепілдік және қосымша сервистік қызмет көрсетуге төменде келтірілген шығын материалдары мен
аксессуарлары жатпайды:
— кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілер, суды жеткізуге/төгуге арналған құбыршектер;
— бұйымға қоса берілетін құжаттама.

Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға
жүргізіледі.

Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге аспапты сәйкестендіруге, және де, нәтиже ретінде,
оған кеплідікті қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіруші тақтайшаларды алып
тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілдікті міндеттемелерді орындаудан бас
тартудың себебіне айналуы мүмкін..

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.