Текст страницы
ЕСІКТЕРДІ ҚАЙТА ОРНАЛАСТЫРУ
Дайындық
1. Тоңазытқыштың ашасын розеткадан суырып, қуат желісінен ажыратыңыз;
2. Тоңазытқыштан жұмысқа кедергі жасайтын азық-түлікті, сөрелерді, сауыттарды алып
шығарыңыз;
3. Есіктің дұрыс ашылуына ештеңе кедергі жасамауы үшін тоңазытқышты ыңғайлы
жұмыс орнына орнатыңыз;
4. Қажет құрал-саймандарды дайындаңыз:
-өлшемі 7, 8, 10, 14 бүйірлі кілттер;
-SL5x100mm оймакілтек бұрағышы;
-тістеуіктер.
Қайта
орналастыру
тәртібі
ҚАЗАҚША
1. 7-ге бүйірлік кілтпен 2 үстелдің үстіңгі тақтайының 1 бұрамаларын бұрап алыңыз (В1
суретті қараңыз).
2. Үстелдің үстіңгі тақтайының шетін көтеріп (В2 суретті қараңыз), өзіңізден қарай
қозғалып (В3 суретті қараңыз), оны алып тастаңыз.
3. 8-ге бүйірлік кілтпен 4 жоғарғы ілмектің 3 бұрандамаларын бұрап алыңыз (В4 суретті
қараңыз).
4. Орташа кронштейннің өсінен жоғарғы есікті алыңыз. Бұл үшін оны сәл көтеріп, 4
жоғарғы ілмекпен бірге өзіңізге қарай тартыңыз (В5 суретті қараңыз).
5. 8-ге бүйірлік кілтпен 3 бұрандамаларды бұрап алыңыз, 5 екінші жоғарғы ілмекті
қарама-қарсы жаққа орнатыңыз (В6 суретті қараңыз).
6. Бұрауышпен 6 қалпақшаларды, 7 бітеуішті алыңыз және 8 сәндік бітеуіштерін бұрап
шығарыңыз (В7 суретін қараңыз).
7. 10-ға бүйірлік кілтімен 10 орташа кронштейннің 9 бұрандамаларын бұрап алыңыз (В7
суретін қараңыз) және оны алыңыз.
8. 9 орташа кронштейнде 14-ке бүйірлік кілтпен сомынды бұрап алып, өсті аударыңыз.
9. 7 және 8 бітеуіштерін қарама-қарсы жаққа орнатыңыз.
10. Төменгі кронштейннің өсінен төменгі есікті алыңыз (В8 суретін қараңыз).
11. Тоңазытқышты еңкейтіңіз. 14 реттеу тіректерін бұрап алыңыз (В9 суретін қараңыз).
8-де кілтімен 12 төменгі кронштейннің 11 болттарын алып тастаңыз және оны алыңыз.
Төменгі кронштейнде гайканы кілтімен 10-ға бұрап, 13-осьті қайта реттеңіз.
12. Төменгі 12 кронштейнді қарама-қарсы жаққа қойыңыз (В9 суретін қараңыз). 14 реттеу
тіректерін орнына бұраңыз.
13. Есіктердің жоғарғы жағында штепсельді 15 және втулканы 16 орынға ауыстырыңыз.
Төменгі жағында 16 втулканы қарама-қарсы жаққа жылжытыңыз (В10 суретін қараңыз).
Втулканы дұрыс орнатқаныңызға көз жеткізіңіз-втулкадағы шығыңқы орын төсеніштегі
ойыққа сәйкес келуі керек.
14. Есіктерді қарама-қарсы ашылуға орнату және құрастыру 10, 7, 4, 3, 2, 1 тармақтарда
көрсетілген операцияларға кері бірізділікте жүргізіледі.
Бір есікті тоңазытқыштар мен мұздатқыштар үшін есіктерді алу B5, B8 суреттерінде
көрсетілген. B7 суретте көрсетілген операциялар орындалмайды.
ТТБ есікшесін
қайта
орналастыру
Төмен температуралы бөлімнің (ТТБ) буландырғыш есікшесі бар бір есікті
тоңазытқыштарда қайта орналастыру тәртібі мынадай:
1. Есікті алғаннан кейін (В5, В8 суретін қараңыз), өзіңізге қарай қозғалып 18 табандықты
алып тастаңыз (В11 суретін қараңыз).
2. Тістеуіктермен 19 бекіткіштерді сол жаққа және оң жаққа алып шығарыңыз (В12 суретін
қараңыз).
3. Тоңазытқыш корпусымен ілініспен буландырғыш қаптамасының шығыңқы жерлерін
сол жаққа және оң жаққа шығарыңыз (В13 суретін қараңыз). Төменге және өзіңізге қарай
қозғалып (В14 суретін қараңыз), буландырғыш қаптамасын алып тастаңыз.
4. 20 өсін алып шығарыңыз (В15 суретін қараңыз). 21 есікшені алып тастаңыз, кейін 180о
-қа бұрыңыз (В15 суретін қараңыз) және оны қайтадан орнатыңыз. 20-өсті қарама-қарсы
жаққа орнатыңыз.
5. Буландырғыштың қаптамасын жинау 3, 2, 1-тармақтарында көрсетілген операцияларға
кері бірізділікте жүргізіледі.
Есіктерді
реттеу және
тығыздағыштың
жабысуы
Қажет болса есікті және тығыздағыштың жабысуын реттеңіз:
1. Корпусқа және жоғарғы есікке қатысты төменгі есікті түзету ойықтар бойынша
12 төменгі кронштейнді жылжыту арқылы жүргізіледі. Бұл ретте 11 бұрандамалары
тартылмаған. Реттегеннен кейін бұрандамаларды тартыңыз.
2. Тығыздағыштың жабысуын реттеу мыналар арқылы жүргізіледі:
-ойықтар бойынша 4 жоғарғы ілмекті жылжыту. Бұл ретте 3 бұрандамалары тартылмаған.
Реттегеннен кейін бұрандамаларды тартыңыз;
-өсті 10 кронштейннің ойығы бойынша жылжыту (екі есікті тоңазытқыштар үшін);
-13 өсті 12 төменгі кронштейннің ойығы бойынша жылжыту.
3. Жоғарғы және төменгі есік арасындағы саңылауды реттеу 9 орташа кронштейнді
ойықтар бойынша жылжытумен орындалады. Бұл ретте 8 бұрандамалары тартылмаған.
Реттегеннен кейін бұрандамаларды тартыңыз.
B1-ден B15-ке дейінгі суреттер осы нұсқаулықпен бірге берілген парақта берілген.
23