Инструкция холодильник с морозильником Бирюса W6139

Страница 21 (стр. 21 из 63)

Бренд: W6139

Страница 21 документа Холодильник с морозильником Бирюса W6139. Раздел: Холодильники. Бренд: W6139.

Текст страницы

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Тұрмыстық тоңазытқыштар, мұздатқыш-тоңазытқыштар, мұздатқыштар (бұдан әрі мәтін
бойынша - тоңазытқыштар) азық-түлікті қысқа мерзімге сақтауға және сусындарды балғын
тағамдық өнімдерді сақтауға арналған бөлімде суытуға, балғын азық-түлікті мұздатуға және
мұздатылған тағамдық өнімдерді сақтау бөлімінде мұздатылған азық-түлікті ұзақ уақыт
бойы сақтауға арналған.

ҚАЗАҚША

Тоңазытқыш белгілерінің мағынасын ашып көрсету:
«S»
- басқарудың электронды блогы,
«N»
- мұздатқышта аяз жоқ (No frost),
«M»
- «Металлик» түстік сызығы,
«W»
- «Күңгірт графит» түстік сызығы,
«B»
- «Қара» түстік сызығы,
«I»
- «Тот баспайтын болат» түстік сызығы,
«G»
- «Сарғыш» түстік сызығы,
«H»
- «Қызыл» түстік сызығы,
«T»
- «Қызғылт сары» түстік сызығы,
«С»
- «Күміс түстес металлопласт» түстік сызығы,
- «Ақ» түстік сызығы - белгісі жоқ.

Тоңазытқыштар КО ТР 004/2011, КО ТР 020/2011, ЕАЭО ТР 037/2016, МЕМСТ 16317-87
талаптарына сай келеді.

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

Қауіпсіздік
ережелері

Тоңазытқышты пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
• Тоңазытқышты электр желісіне қоспас бұрын розетканың жарамдылығын және қуат сымы
мен айырдың зақымдалмағанын тексеріңіз.
• Электр тогымен зақымдану қауіптілігін болдырмау мақсатында қуаттың баусымы
зақымданған кезде оны өндіруші немесе оның агенті немесе ұқсас білікті тұлға ауыстыру
тиіс.
• Токөткізгіш бөліктердің тоңазытқыш корпусына тұйықталу белгілері болған кезде (металл
бөліктерге тигенде шымшу), тоңазытқышты желіден ажыратыңыз және ақаулықты жою үшін
механикті шақырыңыз.
• Тоңазытқышқа және табиғи жерге қосылған құрылғыларға (газ плитасы, жылыту
радиаторлары, су шүмектері) бір уақытта қол тигізбеңіз.
• Тоңазытқышты ішін және сыртын тазалау, тоңазытқыштың астындағы еденді жуу,
ақаулықтарды жою кезінде желіден ажыратыңыз.
• Тоңазытқышты көлденең күйде тасымалдауға тек есіктің оң жағында ғана рұқсат етіледі.
Есіктің жағы тоңазытқыш қаптамасында көрсетілген.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

• Физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімдерінің жетіспеушіліктері бар болған адамдар (балаларды қоса) бақылауда
болса немесе оларға осы тоңазытқышты пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне
жауапты тұлғамен нұсқамалық жүргізілген жағдайларды қоспағанда, осы тоңазытқыш
ондай адамдардың пайдалануына тағайындалмаған!
• Тоңазытқышпен ойнауға жол бермеу мақсатында балаларды бақылау керек!
• Тоңазытқыш жүйесі контурының зақымдалуына жол бермеңіз!
• Тоңазыту жүйесін саңылаусыздандыру кезінде үй-жайды жақсылап желдетіңіз
және ашық жалынды қолданбаңыз!
• Тоңазытқыштың корпусында орналасқан желдеткіштерді жаппаңыз!
• Еріту процесін тездету үшін, өндіруші ұсынған тәсілдерден басқа механикалық
құрылғыларды немесе өзге құралдарды қолданбаңыз!
• Егер олар өндіруші ұсынған тип болмаса, азық-түлік сақтау бөлімдерінің ішінде
электр құрылғыларын пайдаланбаңыз!

20

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.