Текст страницы
• Тоңазытқыш ішіндегі температураға тоңазытқыштың орналасқан жері, қоршаған орта
температурасы, есіктердің ашылу жиілігі әсер етуі мүмкін.
• Тоңазытқышты температурасы плюс 16 0С-тан төмен бөлмеде ұзақ уақытқа орнатқанда,
ол тұрақсыз жұмыс істеуі мүмкін (мұздатылған тамақ өнімдерін сақтауға арналған бөлімшеде
өнімдерді еріту немесе температураның жоғарылауы мүмкін).
Тоңазытқыштың
оңтайлы
жұмысы үшін
қосымша
кеңестер
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Full No Frost салқындату жүйесі тоңазытқыштың буландырғышының еруін автоматты түрде
жүргізеді, осылайша тұтынушыны жүйелі түрде ерітуді орындау қажеттілігінен босатады.
ҚАЗАҚША
Тазалау
Мезгіл-мезгіл (8-10 айда 1 рет) тоңазытқышты электр қуатынан ажыратқаннан кейін
тазалаңыз.
• Есікті ашық қалдырыңыз, ерітуді тездету үшін мұздатылған тағамды сақтауға арналған
ыдысқа жылы су салуға болады.
• Еріту кезінде еріген суды ысқышпен жинау ұсынылады.
• Мұз еріген сайын оны пластикалық немесе ағаш қалақшамен алып тастауға болады.
• Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін сабынды сумен жуыңыз, құрғақ сүртіңіз және
есіктер ашық болған кезде бір сағат бойы желдетіңіз.
Тоңазытқыштың артқы қабырғасында конденсатор бар (құбырлы тор-жылу алмастырғыш.
Конденсаторда жиналатын шаң тоңазытқыштың қалыпты жұмысына кедергі келтіреді
және электр энергиясын тұтынудың артуына әкеледі. Тоңазытқышты электр қоректендіру
желісінен алдын ала ажыратып, түкті қылшақты немесе шаңсорғышты пайдалана отырып,
конденсаторды шаңнан мерзімді түрде (жылына бір рет) тазарту қажет.
Егер тоңазытқыш уақытша өшірілсе немесе ұзақ уақытқа пайдаланудан шығарылса,
тоңазытқыштан өнімдерді алып тастау, тоңазытқышты тазалау, құрылғыны кептіру және
есіктерді ашық қалдыру қажет.
20