Инструкция холодильник с морозильником Бирюса W940NF

Страница 15 (стр. 15 из 48)

Бренд: W940Nf

Страница 15 документа Холодильник с морозильником Бирюса W940NF. Раздел: Холодильники. Бренд: W940Nf.

Текст страницы

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Тұрмыстық тоңазытқыштар-мұздатқыштар (бұдан әрі мәтін бойынша - тоңазытқыштар)
азық-түлікті қысқа мерзімге сақтауға және сусындарды балғын тағамдық өнімдерді сақтауға
арналған бөлімде суытуға, балғын азық-түлікті мұздатуға және мұздатылған тағамдық
өнімдерді сақтау бөлімінде мұздатылған азық-түлікті ұзақ уақыт бойы сақтауға арналған.

Тоңазытқыштарда тоңазыту және мұздату бөлімі үшін қыраусыз салқындату жүйесі (Full No
Frost) бар.

ҚАЗАҚША

Тоңазытқыш белгілерінің мағынасын ашып көрсету:
«NF» - қыраусыз (No frost),
«M»
- «Металлик» түстік сызығы,
«W»
- «Күңгірт графит» түстік сызығы,
«B»
- «Қара тот баспайтын болат» түстік сызығы,
«G»
- «Сарғыш» түстік сызығы,
«H»
- «Қызыл» түстік сызығы,
«Т»
- «Қызғылт сары» түстік сызығы,
«I»
- «Тот баспайтын болат» түстік сызығы,
«С»
- «Күміс түстес металлопласт» түстік сызығы,
- «Ақ» түстік сызығы - белгісі жоқ.

Тоңазытқыштар КО ТР 004/2011, КО ТР 020/2011, ЕАЭО ТР 037/2016, МЕМСТ 16317-87
талаптарына сай келеді.

ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Қаптаманы
ашу

  • Орам таспаларын кесіп тастаңыз, ораманы абайлап алыңыз.
  • Тоңазытқыштың ішкі бөлшектерін орам материалдарынан босатыңыз.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

• Егер тоңазытқыш көлденең күйінде тасымалданса немесе қаптамадан шығарылса,
онда тоңазытқышты тік күйге келтіргеннен кейін қосар алдында кемінде 30 минут
күту қажет. Бірден қосу тоңазытқыш агрегатының істен шығуына әкелуі мүмкін!
• Тоңазытқышты қоспас бұрын, компрессордың үстінде орналасқан еріген су
ыдысының сенімділігін тексеріңіз.
• Егер тоңазытқыш 0 ºС-тан төмен температурада сақталса немесе тасымалданса,
онда электрмен қоректендіру желісіне қосар алдында тоңазытқышты есігі ашық
бөлме температурасында кемінде 8 сағат ұстау қажет.
Жылытылмаған тоңазытқышты желіге қосу оның істен шығуына әкелуі мүмкін!

Орнату

• Тоңазытқышты тікелей күн сәулесі түсетін жерге, жарық беретін және қыздыратын
аспаптардан (газ және электр плиталары, пештер, жылыту радиаторлары) кемінде 50 см
қашықтықта орнату қажет.
• Тоңазытқыштың үстінде ауа айналымы үшін кемінде 10 см бос орын болуы керек.
• Жылжытуға ыңғайлы болу үшін тоңазытқыштар компрессор негізінде орнатылған
доңғалақты тіректермен жабдықталған.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

Тоңазытқыш қоршаған ауаның температурасы 16-дан 38 °С-қа дейін, салыстырмалы
ылғалдылығы 75% - дан аспайтын үй-жайларда орнатуға арналған.

Устанавливать холодильник в нишу или встраивать его в мебель.

ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!

Теңестіру

Тоңазытқышты көлденеңінен туралау реттеу тіректерін бұрау немесе бұрап алу арқылы
жүзеге асырылады.

Тоңазытқышты тегістеу кезінде жұмыс кезінде діріл мен шудың пайда болуын
болдырмау үшін оның тұрақты күйіне көз жеткізу қажет.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!

ҰСЫНАМЫЗ


Есіктердің өздігінен жабылуы үшін тік өстен сәл артқа (5-7 мм) тоңазытқышты орнату
ұсынылады.

Қажет болса, камералардың есіктерін қарама-қарсы жаққа ашуға қайта орналастыруға
болады. Есіктерді қайта орналастыру кепілдікті міндеттемелерге жатпайды және сервистік
орталықтың механигімен (бөлек төлемге) немесе «Есіктерді қайта орналастыру» бөлімінде
келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланушымен өз бетінше жүргізіледі.

14

Оглавление

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.