Текст страницы
Ескерту
Аксессуарлар
Үлгі
Басшылық
пайдаланушы, дана
Есік топсасы, дана
Қақпақ
есік ілмегі, дана
Таңбалау
энергия тиімділігі, дана
Үшін қорап
қақпағы бар мұз, дана
Стенд
жұмыртқа үшін, дана
CEF537A**
1
1
1
1
1
1
CEF535A**
1
1
1
1
1
1
CEF538C**
1
1
1
1
1
1
CEF536C**
1
1
1
1
1
1
Өндіруші дизайн мен жиынтыққа өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады
ЕСКЕРТУ
KZ
Аспапты бірінші рет пайдаланар алдында
Болжалды пайдалану: Осы аспап құрғақ, жабық тұрмыстық жағдайларда ғана пайдалану үшін құрастырылған. Басқа түрде пайдала
ну тиісті дәрежеде пайдаланбау болып табылады, жарақатқа әкелуі мүмкін, бұл әрекеттер үшін өндіруші жауап бермейді.
Не істеуге болады ...
Штепсельдік айырдың тоңазытқыштың астындағы кеңістікте шектелмеуіне көз жеткізіңіз.
Тоңазытқышты өшіру және қосу кезінде, кабельді емес, айырды ұстап тұрыңыз.
Электрқорек бауын басып кетпеуді және тоңазытқышты жылжытқан кезде, оны зақымдап алмауды ойластырыңыз.
Штепсельдік айырдың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз, егер зақымдалса, мүмкіндігінше, электрдің берілуін ажыратып, оны
ұқыпты түрде өшіріңіз, сондай-ақ оны ауыстыру үшін авторланған сервистік орталықтың маманымен кеңесіңіз.
Тоңазытқыштың жанында газ немесе басқа тұтанатын газ жылыстауының болмауына көз жеткізіңіз. Жылыстау болған жағдайда,
газдың жылыстауын тоқтату үшін клапанды өшіріңіз; есік пен терезелерді ашыңыз, тоңазытқыштың немесе кез келген басқа аспаптың
электр қорек бауларын қоспаңыз және ажыратпаңыз.
Тазалау мен қызмет көрсету үшін тоңазытқышты желіден ажыратыңыз.
Есіктерді тұтқасынан ұтап ашыңыз, есіктердің арасындағы қашықтық өте тар болуы мүмкін екендігіне назар аударыңыз, сау
сақтардың қысылып қалуына жол бермеңіз.
Тоңазытқышты өшірген соң, қайта қосқанға дейін кемінде 5 минутқа қалдырыңыз, өйткені жиі қайта қосу компрессорды зақымда
уы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспаптың корпусыда немесе орнатылған конструкцияда орналасқан желдету саңылауларын бөгемеңіз.
Тоңазытқышты кәдеге жарату кезінде, балалардың кездейсоқ қамалып қалуын болдырмау үшін, тоңазытқыштың есіктерін, есік
нығыздауыштары мен сөрелерін алып тастап, оларды тиісті орынға қойыңыз.
Осы аспапты егер ересектер бақылайтын болса немесе аспапты қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулық беретін және ілеспе
қауіптерді түсінетін болса, тәжірибесі мен білімі болмаған жағдайда, 8 жастан асқан балалар мен дене, сенсорлық немесе ментальды
қабілеттері шектелген адамдар пайдалана алады. Балаларға осы аспаппен ойнауға болмайды. Ересектер тарапынан бақылау болмаса,
балалардың тазалауына және пайдаланушылық қызметті көрсетуіне болмайды.
Тоңазытқыш жақсы желдетілетін жерде орналасуы тиіс. Тоңазытқыштың үстінде кемінде 20 см және айналасында 10 см кеңістік
тің болуына көз жеткізіңіз.
Аспап пен газ құбырының ең аз рұқсат етілген қашықтығы 15 см, жуысуына жол берілмейді.
Аспап штепселдік айыр қолжетімділікте тұратындай етіп орналасуы тиіс.
Не істеуге болмайды ...
Тоңазытқыш 220–240 Вт айнымалы ток/50 Гц электр желісінде жұмыс істейді. Кернеу дұрыс болмағанда, тоңазытқыш іске қо
сылмауы, температураны реттеуіштің, компрессордың зақымдалуы, компрессор жұмыс істеп тұрған кезде қалыптас тыс шу туындауы
мүмкін. Қажет болған жағдайда, автоматты кернеу тұрақтандырғышты орнатыңыз.
Тоңазытқышты сенімді етіп жерге тұйықталатын арнайы розеткамен жабдықтау қажет. Тоңазытқыштың күш беретін кабелі стан
дартты 3 тарамдық (жерге тұйықталған) розеткаға лайық келетін 3 тарамдық (жерге тұйықталған) штепсельдік айырмен жабдықталған.
Ешқашан 3-ші түйісуді (жерге тұйықтау) кеспеңіз немесе бөлшектемеңіз. Тоңазытқышты орнатқан соң, айыр қолжетімді жерде қалуы
тиіс.
Тоңазытқыш ішінде ешқашан оңай тұтанатын, жарылысқа қауіпті немесе тоттану-белсенді материалдарды сақтамаңыз.
Тоңазытқышта дәрі-дәрмектерді, бактериологиялық немесе химиялық заттарды сақтамаңыз. Осы тоңазытқыш тұрмыстық аспап
болып табылады. Оның ішінде қатаң температуралық жағдайда сақтауды қажет ететін материалдарды салуға болмайды.
Өрт пайда болмауы үшін, тоңазытқышқа тікелей жақын жерде бензинді немесе оңай тұтанатын басқа заттарды сақтамаңыз және
пайдаланбаңыз.
Үстіне заттардың құлап түсуінен дене зақымдарын алмау үшін, тұрақсыз заттарды (ауыр объектілер, ішінде сұйықтығы бар контейнер
лер) тоңазытқыштың үстіңгі бөлігіне салмаңыз.
12