Инструкция холодильник с морозильником Haier CEF538CCG

Функциялар (стр. 15 из 32)

Бренд: Haier

Страница 15 документа Холодильник с морозильником Haier CEF538CCG. Раздел: Холодильники. Бренд: Haier.

Текст страницы

Функциялар

Демалыс функциясы
G индикаторы жанғанға дейін А3 батырмасын басыңыз. Осы функция қолмен белсендіру үдерісін қайталау арқылы өшірілуі мүмкін.
Демалыс режимінде тоңазыту камерасы автоматты түрде 17 °C температурада жұмыс істейді, ал мұздату камерасы белгіленген тем­
пературада жұмыс істейді.

Ашық есік туралы ескертуші сигнал
Тоңазытқыштың есігі ашылғанда, тоңазытқыштың ішіндегі жарық пен басқару панелі жанады. Егер есік 3-4 минут ішінде жабыл­
маса, ескертуші сигнал беріледі. Есікті жауып немесе басқару панеліне қол тигізіп, ескертуші сигналды тоқтатуға болады. Егер тоңа­
зытқыштың есігі 7 минуттан кейін жабылмаса, тоңазытқыштағы жарық және бақылау панелінің жарығы автоматты түрде сөнеді.

Сөрелердің биіктігін баптау
. Сөрені қайта орналастыруға болады, сөрені қажетті орынға орнату үшін, сөренің екі жағындағы құлақтарын бағыттаушыға орнала­
стырып, оны тірелгенге дейін жылжытыңыз.

Көкөністер мен жемістерге арналған жәшік
Тоңазытқышта көкөністер мен жемістерге арналған жәшік бар. Ол жемістерді, көкөністерді және т.б.
сақтауға жарамды.

0 °C фреш аймақ бөлігі (*DC модельдер үшін)
Жәшіктегі Температура белгіленген режимде -2°C дейін +3°C деңгейінде сақталады. Ол қоршаған ортаның әр түрлі темпе­
ратурасына немесе тоңазытқыштың жұмыс режиміне байланысты сәл өзгеруі мүмкін. Ол 1-2 күн бойы таза балықты, етті және
дайындалған тағамды сақтауға жарамды.

Тоңазытқыш бөлігіндегі шырақ
Шамның параметрлері: максимум 12 В. 1,5 ватт жарықдиодты шам аз қуат тұтынуды және ұзақ қызмет етеді. Егер ақау пайда болса,
тұтынушыларға қызмет көрсету желісіне хабарласыңыз.

Үлкен сақтау көлемі
Тоңазытқыштың температурасын баптау
Тоңазытқыштағы немесе мұздатқыштағы төменгі жәшікті қоспағанда, энергияны тиімді пайдалану үшін, басқа жәшіктерді
азық-түліктің үлкен көлемін сақтау үшін шығарып тастау керек.

Мұздатқыш камерада ауа желдетілетін орынды бұғаттамаңыз, одан 15 мм қашықтықты ұстаныңыз, сондай-ақ
мұздатқыштың сенсорын азық-түлікпен бөгемеңіз, одан 15 мм қашықтықты ұстаныңыз (сенсор мұздату камерасында оң жақта
әйнек сөренің үстінде орналасқан).

Кейбір функциялары тоңазытқыштың моделіне қарай ерекшеленуі мүмкін.

Түрлі азық-түліктерді сақтауға арналған ұсыныс

KZ

Салқын ауа тоңазытқыш ішінде айналатындықтан, сақтау
бөлігінде температуралық айырмашылық байқалуы мүмкін. Түрлі
азық-түліктер өздерінің қасиеттеріне қарай бөліктің түрлі орындары­
на орналасуы тиіс.

1. Жұмыртқа, май, ірімшік және т.б.
2. Сусындар, консеріленген азық-түлік және т.б.
3. Май, косметика и т. д.
4. Сусындар, консеріленген азық-түлік, торттар және т.б.
5. Шарап, шампан және т.б.
6. Сүт, ірімшік және т.б.
7. 0 °C аймағында балғын балық, ет немесе дайындалған тамақ
және т.б. 1–2 күн бойы немесе 8 тармақта көрсетілгендей.

8. Дайындалған ет, балғын балық пен ет және т.б.
9. Мөлшері кішігірім мұздатылған азық-түліктер немесе қапталған
азық-түліктер.

10. Мұздатылған азық-түліктер, балмұздақ және т.б.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау

Бүлінген азық-түлік иісін болдырмау үшін, тоңазытқышты тұрақты тазалап отыру қажет. Қауіпсіздік мақсатында тоңазытқышты та­
залау алдында, оны желіден ажыратыңыз. Тоңазытқышты жұмсақ матамен немесе жылы суға малынған ысқышпен тазалаңыз (жұмсақ
жуғыш затты қосуға болады). Жұмсақ құрғақ матамен тоңазытқыштың бетіндегі су тамшыларын кептіріңіз. Үнемі есік нығыздауышын
таза ұстаңыз.

Тоңазытқыш өте ауыр. Тоңазытқышты тазалау немесе жөндеу үшін жылжытқанда, еденді зақымдап алмаңыз. Еденді зақымдап
алмау үшін, тоңазытқышты шайқап жылжытпаңыз.

Электрлік оқшаулау қасиеттеріне теріс әсерін болдырмау үшін, аспапқа су шашыратпаңыз, су құймаңыз.
Қатты щетка, сым щетка, жуғыш ұнтақ, бензин, амилацетат, ацетон және басқа осындай органикалық еріткіштермен, қышқыл
немесе сілтімен тазаламаңыз. Зақымдап алмау үшін, тоңазытқышты жууға арналған арнайы құралмен және жұмсақ жуғыш затпен
тазалаңыз.

Ылғал қолмен салқын металл есіктерге қолыңызды тигізбеңіз, кері жағдайда сіздің теріңіз салқын металл бөлшектерге жабысып
қалуы мүмкін.

15

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.