Текст страницы
25
Кәдеге жарату
Бұйымды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды.
Қаптама
Қайта өңдеу белгісі бар қаптама материалдар екіншілік қайта өңдеуге жатады.
Қаптаманы қайта өңдеуге арналған тиісті контейнерге тастаңыз.
Аспапты пайдаланылған техниканы қабылдау орнына өткізу алдында
•
Қуат баусымының ашасын розеткадан суырыңыз.
•
Қуат баусымын кесіңіз және ашасымен бірге кәдеге жаратыңыз.
ЕСКЕРТУ! Аспаптың құрамында салқындатқыш агент және оқшаулағыш қабатта газ
бар. Салқындатқыш агент және газ тиісті түрде кәдеге жаратылуы тиіс, себебі олар
көздің жарақаттануына немесе тұтануға алып келуі мүмкін. Кәдеге жарату алдында
салқындату контурының түтігі зақымдалмағанын тексеріңіз.
Бұйымды дұрыс кәдеге жарату
Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы бұл таңбалама басқа
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтынын көрсетеді.
Кейін кәдеге жарату үшін бұйымды тиісті электрондық және
электр жабдықты қабылдау пунктіне өткізу керек. Бұйымды кәдеге
жарату ережелерін орындай отыра, сіз ұқсас қалдықтарды дұрыс
емес қолдану салдарынан болуы мүмкін адамдардың өміріне
және қоршаған ортаға нұқсан келтірудің алдын алуға
көмектесесіз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу
үшін жергілікті билікке, қалдықтарды шығару және кәдеге жарату
қызметіне немесе сіз бұйымды сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Өнімдердің ластануын болдырмау үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
•
Есікті ұзақ уақыт бойы ашық ұстамаңыз. Бұл аспаптың бөліктерінде температураның
айтарлықтай өсуге әкелуі мүмкін.
•
Тамақ өнімдерімен жанасуы мүмкін беттерді және қол жетімді дренаж жүйелерін үнемі
тазалап отырыңыз.
•
Ет, балық және олардың шырыны басқа өнімдермен жанаспауы үшін шикі етті және
балықты тоңазытқышта ыдыстарда сақтаңыз.
•
«Екі жұлдызша» таңбаламасы бар мұздатқыш бөлік алдын ала мұздатылған өнімдерді
сақтауға, балмұздақты сақтауға немесе дайындауға және мұз текшелерін дайындауға
арналған.
•
«Бір жұлдызша», «екі жұлдызша» және «үш жұлдызша» бар мұздатқыш бөліктер
балғын өнімдерді мұздатуға арналмаған.
Hisense Refrigerator