Текст страницы
4 Құрылғыны пайдалану
4.«Демалыс» батырмасы
Функцияны іске қосу үшін батырманы 3 секунд басыңыз. «Демалыс» режимінде
5-индикатор «- -» символын көрсетеді және 8-индикаторы жанады. Тоңазытқыш камерадағы
температураны бақылау тоқтатылады, нәтижесінде температура көтерілуі мүмкін. «Демалыс»
функциясы қосылып тұрған кезде өнімдерді тоңазытқыш камерада сақтау ұсынылмайды.
Бұл функцияны болдырмау үшін 4 батырмасын 3 секунд ішінде қайтадан басыңыз немесе 1
батырмасын басыңыз.
Энергия үнемдейтін дисплей (жинақтау нұсқасы)
Тоңазытқыш есігін жапқаннан/теңшелімдерді өзгерткеннен кейін бір минуттан соң 7 энергия
үнемдеу индикаторынан басқа барлық символдар өшіріледі. Бұл электр энергиясын үнемдеу
үшін жасалған. Есікті ашқан кезде және кез келген батырманы басқан кезде нышандар
жанады.
Ақаулық индикаторы
10 индикатор жылы азық-түліктердің көп санын жүктеген кезде немесе ұзақ уақытқа ашық
қалдырылған тоңазытқыштың есікшесі кезінде жануы мүмкін. Бұл қате емес. Азық-түліктер
суытылған кезде немесе кез келген батырманы басқан кезде бұл ескерту жойылады.
Егер индикатор азық-түлікті суытқаннан кейін немесе кез келген батырманы басқаннан
кейін өшпесе, дисплейде қате нөмірі шығады. Дисплейде қате нөмірі шықса, біз сервистік
орталыққа жүгінуді немесе 8 800 100 57 31 шұғыл желісіне хабарласуды ұсынамыз.
4.2. Мұзға арналған сыйымдылық (жинақтау нұсқасы)
• Мұзға арналған сыйымдылықты мұздатқыш камерадан шығарыңыз.
• Мұз науасын сумен толтырып, мұздатқышқа салыңыз.
• Мұз шамамен екі сағаттан кейін дайын болады. Мұзға арналған сыйымдылықты
мұздатқыш камерадан шығарыңыз да, мұзды берейін деп жатқан контейнердің үстінен
сәл майыстырыңыз. Мұз контейнерге оңай түсіп қалады.
4.3. Мультифункционалдық қойғыш (жинақтау нұсқасы)
Тұғырды тоңазытқыштың есігіне немесе сөресіне орнатуға болады.
9-сур.
жұмытрқаларға арналған бөтелкелерге арналған
4.4. Жиналмалы шыны сөре (жинақтау нұсқасы)
Арнайы механизмнің арқасында сөрені оңай бүктеуге және ашуға болады, бұл тоңазытқыш
камерасындағы максималды орынды пайдалана отырып, үлкен ыдыстар мен азық-түлік
өнімдерін орналастыруға мүмкіндік береді. Сөренің алдыңғы бөлігін сәл көтеріп, бүгу үшін
оны артқы бөлігінің астындағы бағыттағыштар бойымен сырғытыңыз. Бастапқы күйіне
оралу үшін алдыңғы әрекетті кері ретпен орындаңыз. Ыңғайлы болу үшін тоңазытқыш
камерасының ішіндегі сөренің орнын өзгертуге, сонымен қатар бүктелген сөрені артқы
қабырғаға көтеру арқылы алып тастауға болады.
10-сур.
4.5. Көкөністерге арналған жәшік
Көкөністерге арналған жәшікте көкөністер мен жемістерді сақтау үшін жағымды жағдайлар
жасалады. Көкөністерді орналастыру кезінде көкөністердің көлемді салмағын ескеріп,
ауыр және қатты көкөністерді түбіне, ал жеңіл және жұмсақ көкөністерді үстіне салу қажет.
Этилен газының үлкен мөлшерін шығаратын жемістерді, мысалы, алмұрттарды, өріктерді,
Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
27 / KZ