Инструкция холодильник с морозильником Hotpoint HDK 8201I W

B (стр. 24 из 48)

Бренд: Hotpoint

Страница 24 документа Холодильник с морозильником Hotpoint HDK 8201I W. Раздел: Холодильники. Бренд: Hotpoint.

Текст страницы

2 Орнату

Электр желісіне қосар алдында:
• желі кернеуінің мынадай параметрлерге сәйкес келетініне: электр желісінің кернеуі 220-
240 В; атаулы жиілік: 50 Гц;
• розетканың тоңазытқыштың желілік баусымының ашасына сәйкес келетініне және
еуростандарт бойынша жасалғанына көз жеткізіңіз.
• электр розеткасының жерге тұйықтаушы контактісі электр желісінің қуат беруші кабелінің
жерге тұйықтаушы сымымен тікелей жалғастырылған (жалғастырушы сым 10 А кем
емес тоқка есептелген болуы тиіс).
Тоңазытқышты көрсетілгенге қатысты жоғары немесе төмен кернеу жағдайында қолдану
компрессордың істен шығуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайларда кернеу тұрақтандырғыштарын
қолдану қажет.

Назар аударыңыз! Сіздің тоңазытқышыңыздың қуат берудің үш-контактілі ашасы
бар, ол жерге тұйықталуы тиіс.

B

3 Дайындық

• Тоңазытқыш желілік баусым ашасына оңай қол жеткізуге болатындай етіп орнатылуы
тиіс.
• Екі сымды электр желісіне қосылған тоңазытқышты параметрлер мәндері келесідей
қорғаныстық өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) пайдалану ұсынылады: атаулы кернеулер
ауқымы - 220-ден 240 В/ 50 Гц дейін, іске қосылу шегі - 30 мА артық емес, іске қосылудың
атаулы уақыты - 0,1с.
A

Тоңазытқышты
қаптамадан
алғаннан
кейін
және
орнатқаннан
кейін,
тоңазытқышты электр желісіне қоспас бұрын 4 сағаттан кем емес уақыт күтіңіз -
бұл тоңазытқыштың дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет.

• Пайдалануды бастар алдында компрессор мен артқы қабырға арасындағы кергілерді,
сондай-ақ басқа кергілер мен желімдейтін таспаларды алып тастаңыз.
3.1. Есікшені басқа жаққа қайта орнату
Егер есіктерді ашу бағытын өзгерту қажет болса, біз 8 800 100 57 31 ыстық желісіне жүгінуді
ұсынамыз.
Есіктерді өз бетімен немесе шеттегі ұйымды тартып қайта ілу кезінде есіктер зақымданған
жағдайда өндіруші жауапты болмайды.
3.2. Электр энергиясын үнемдеу жөніндегі ұсынымдар

Тоңазытқышты электрондық энергия үнемдеуші жүйелерге қосу тоңазытқыш
үшін қауіпті.

A

Тоңазытқышты әрқашан тұтқасынан ұстап ашыңыз. Есіктің шетінен ұстап ашу
нығыздағыштың жарылуына әкелуі мүмкін.

• Тоңазытқыштың есігін ұзақ уақыт бойы ашылған күйінде ұстамаңыз. • Тоңазытқышты жапқан кезде, есіктің корпусқа тығыз жанасып тұрғанына көз жеткізіңіз. A

• Тоңазытқышқа ыстық тамақты немесе сусындарды орналастырмаңыз.
• Тоңазытқышты шамадан тыс толтырмаңыз: көп өнімді салқындату үшін электр
энергиясының үлкен шығынын қажет етеді.
• Электр энергиясын үнемдеу атқарымын қосуға болады (егер ол сіздің үлгіңізде.

Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
24 / KZ

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.