Инструкция холодильник с морозильником Hotpoint HDK 8201I W

Страница 28 (стр. 28 из 48)

Бренд: Hotpoint

Страница 28 документа Холодильник с морозильником Hotpoint HDK 8201I W. Раздел: Холодильники. Бренд: Hotpoint.

Текст страницы

4 Құрылғыны пайдалану

Шыны ыдыстарды шыңдалған шыны сөреде сақтаған жағдайда сызаттар пайда
болуы мүмкін.

шабдалыларды, әсіресе, алмаларды басқа көкөністермен және жемістермен бір жәшікте
сақтамаңыз. Осы жемістермен шығарылатын этилен газы басқа көкөністер мен жемістердің
пісуін жеделдетуі және олардың мерзімінен бұрын шіруіне әкелуі мүмкін.
4.6. Everfresh жеміс-көкөніс контейнері (жинақтау нұсқасы)
Көкөністерді ыдысқа салғанда астыңғы жағына ауыр және қатты көкөністерді, көкөністердің
көлемдік салмағын ескере отырып, үстіне жеңіл және жұмсақ көкөністерді қою керек.
Жапырақты көкөністерді (мысалы, салат, шпинат және ылғалды жоғалтуға бейім көкөністер)
осы жәшікте тамырын төмен қаратып емес, көлденең күйде, мүмкіндігінше көп мөлшерде
сақтау ұсынылады. Көкөністерді жәшікте полиэтилен пакеттерде сақтауға рұқсат етілмейді.
Пластикалық пакеттерде сақтау көкөністердің тез ыдырауына әкеледі. Егер басқа
көкөністермен байланыс қажет болмаса, гигиенаны ескере отырып, белгілі бір кеуектілігі
бар басқа орауыш материалдарын пайдаланыңыз - мысалы, қағаз. Everfresh тартпасының
сөресіндегі ауа арналарының көмегімен ылғалдылықтың оңтайлы деңгейіне қол жеткізіледі
және Everfresh тартпасындағы температура айырмашылығы барынша азайтылады, бұл
кәдімгі азық-түлік сақтайтын қораппен салыстырғанда жемістер мен көкөністердің сақтау
мерзімін ұзартуға көмектеседі.
4.7. Ылғалдылықты бақылау құрылғысы (жинақтау нұсқасы)
Ылғалдылықты реттейтін құрылғының көмегімен Everfresh тартпасындағы ылғалдылықты
қосымша қолмен реттеуге және Everfresh тартпасында сақталған тағамға сәйкес оңтайлы
ылғалдылықты таңдауға болады.
4.8. Жаңа өнімдерді тоңазыту
• Сапаны сақтау үшін, мұздатқыш камераға орналастырылған өнімдерді максималды
қысқа уақытта тоңазыту қажет. Өнімдерді саңылаусыз қаптау және тығыз жапсыру
қажет.
• Қаптау үшін мұздатқыш камераға арналған контейнерлерді, жұқалтыр мен ылғалды
өткізбейтін қағазды, пластикалық пакеттерді немесе ұқсас қаптау материалдарын
қолдануға болады.
• Қапталған өнімдерді мұздатқыш камераға салыңыз да, оны жабыңыз. Жаңа өнімдерді
тоңазытылған өнімдермен жанастырмауға тырысыңыз.
• Тоңазытылған өнімдерді жібіткеннен кейін бірден тұтыну қажет. Оларды қайтадан
тоңазытуға рұқсат берілмейді.
• Бір жолы өнімдердің үлкен санын тоңазытпаңыз.
• Мұздатқышқа тағамның көп мөлшерін салу үшін жәшіктерді алып, тағамды тікелей
сөрелерге қоюға болады. Бұл мұздатқыш камерадағы тағамды сақтау температурасына
әсер етпейді.
• Алынған тартпалары бар мұздатқыш камераның көлемі техникалық сипаттамада
көрсетілген көлемге сәйкес келеді.
A

4.9. Есікшені ашу дабылдамасы (жинақтау нұсқасы)
Егер тоңазытқыш есігі 1 минуттан артық ашық қалса, дыбыс сигналы шығады. Сигнал
есікті жапқан кезде немесе дисплейдегі кез келген батырманы басқан кезде (ондай болған
жағдайда) өшеді. Сонымен қатар, тоңазытқыштың ішкі жарықтандыруы жыпылықтай
бастайды. Егер ескертуші сигнал 10 минут созылса, тоңазытқыштың ішкі жарықтануы өшеді.
4.10. Ішкі жарықтандыру
Ішкі жарықтандыру үшін жарықдиодты шам қолданылады. Ол тұрғын үйді жарықтандыруға
тағайындалмаған. Шам жарамсыз болған жағдайда авторландырылған сервис орталығына
жүгініңіз.

Тоңазытқыш - мұздатқышы / Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
28 / KZ

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.