Инструкция холодильник с морозильником Midea MDRB601MME46

Страница 34 (стр. 34 из 147)

Бренд: Midea

Страница 34 документа Холодильник с морозильником Midea MDRB601MME46. Раздел: Холодильники. Бренд: Midea.

Текст страницы

Аяқтарды реттеу

• Дірілдемеуі үшін, құрылғыны тегіс етіп орнату керек.

• Қажет болса, тегіс емес еденге реттеу үшін туралағыш тіректерді реттеңіз.

• Есікті жабуды жеңілдету үшін алдыңғы жағы артқы жағынан сәл жоғары
болуы керек.

• Корпусын аздап қисайту арқылы туралағыш тіректерді оңай бұрауға
болады.

• Құрылғыны көтеру үшін туралағыш тіректерді сағат тілі бағытына қарсы
бұраңыз, ал түсіру үшін сағат тілімен
бұраңыз.

Шамды ауыстыру

• ДИОДТЫ шамдарды ауыстыру немесе техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе сол сияқты
білікті маман орындауы керек.

Құрылғыны жалғау

Құрылғыны орнатқаннан кейін, қуат ашасын розеткаға жалғаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

KZ

Қуат сымын (немесе ашаны) розеткаға қосқаннан кейін, құрылғыға тағам салмас бұрын
2 немесе 3 сағат күтіңіз. Құрылғы толық салқындамай тұрып, оған тағам қоссаңыз,
тағамыңыз бұзылуы мүмкін.

Қуат үнемдеуге арналған кеңестер

• Құрылғыны пештерге, радиаторларға немесе басқа жылу көздеріне жақын
қоймаңыз. Сыртқы температура жоғары болса, компрессор жиірек әрі ұзағырақ
істейді, соның салдарынан қуат көп тұтынылады.
• Құрылғының түбінен, оның бүйірлерінен және артқы жағынан жеткілікті
желдетілетініне көз жеткізіңіз. Желдету саңылауларын ешқашан жаппаңыз.
• Сондай-ақ “Орнату” тарауында көрсетілген аралықтардың өлшемдерін сақтаңыз.
• Тартпалар мен сөрелерді суретте көрсетілгендей етіп орналастырсаңыз,
энергия барынша тиімді пайдаланылады, сондықтан оларды мүмкіндігінше
ұстану керек. Температураны тұрақты ұстау және қуат үнемдеу үшін барлық
тартпа мен сөре құрылғыда қалуы керек.
• Сақтау орнын кеңейту үшін (мысалы, үлкен салқындатылған/мұздатылған
заттар үшін) ортаңғы тартпаларды алып қоюға болады. Қажет болса, үстіңгі
және астыңғы тартпалар мен сөрелерді соңынан алу керек.
• Біркелкі толтырылған тоңазытқыш/мұздатқыш камерасы энергияны оңтайлы
пайдалануға себеп болады. Сондықтан камералар бос немесе жартылай бос
болмасын.
• Тоңазытқышқа/мұздатқышқа салмас бұрын, жылы тағамды салқындатып
алыңыз. Салқындаған тағам энергия тиімділігін арттырады.
• Мұздатылған тағамды тоңазытқышта ерітіп алуға мүмкіндік беріңіз.
Мұздатылған тағамның салқындығы тоңазытқыш камерасында энергия
тұтынуды азайтады, осылайша қуат тиімділігін арттырады.
• Суықтың жоғалуын азайту үшін есікті қажетінше аз ашыңыз. Есікті аз уақыт
ашу және оны дұрыс жабу қуат тұтынуды азайтады.
• Құрылғыңыздың есік тығыздағыштары жақсы тиіп тұруы керек, осылайша
есіктер дұрыс жабылып, қуат тұтыну қажетсіз артып кетпеуі керек.

09

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Холодильники

Aceline В37ВHR

32 стр.