Текст страницы
KZ 1 - Қауіпсіздік ақпараты
Жабдықты алғаш қоспас бұрын келесі қауіпсіздік нұсқаулықтармен таны-
сып шығыңыз!
ЕСКЕРТУ!
Алғаш қолданар алды
■
Тасымалдау кезінде ешқандай зақымдану болмағанына көз жеткізіңіз.
■
Барлық қаптамаларды алып тастаңыз жəне балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
■
Суық агенті контурынының толық тиімділігі үшін құрылғыны орнатар алды кемінде екі
сағат күтіңіз.
■
Жабдық ауыр болғандықтан оны əрдайым кемінде екі адам ұстауы қажет.
Орнату
■
Жабдықты жақсы желдетілетін жерге қою керек. Жабдықтың жоғарғы жағында кемінде 20
см жəне айналасында 10 см кеңістік болуын қамтамасыз етіңіз.
■
Жабдықты ешқашан дымқыл жерге немесе сумен тиетін жерге қоймаңыз. Су тамшылары
мен дақтарды жұмсақ таза матамен сүртіңіз.
■
Жабдықты күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе жылу көздерінің (мысалы, пештер,
жылытқыштар) жанында орнатпаңыз.
■
Жабдықты оның өлшемі мен қолданылуына қолайлы жерде орнатып, тегістеңіз.
■
Жабдықтағы немесе кірістірілген конструкциядағы желдеткіш тесіктерін кедергілерден бос
ұстаңыз.
■
Төлқұжатты тақтайшада көрсетілген электр ақпараты қуат көзіне сəйкес келетінін тек-
серіңіз. Сəйкес келмеген жағдайда электршіге хабарласыңыз.
■
Жабдық 220-240 айнымалы тоқ волть/50 Гц қуат көзімен жұмыс жасайды. Кернеудің қа-
лыптан тыс тербелісі жабдықтың іске қосылмауына немесе температура немесе компрес-
сор реттегішінің зақымдалуына əкелуі мүмкін немесе жұмыс істеу кезінде қалыптан тыс
шулар туындауы мүмкін. Бұл жағдайда автоматты реттегіш орнатылуы тиіс. HRF-IV600
SBS (CG) жабдығы 230 В~/60 Гц қуат көзінен жұмыс істейді.
■
Қуат көзі үшін жеке жерге тұйықталған жалғағыш пайдаланыңыз, ол қол жетімді болуы
тиіс. Жабдық жерге тұйықталған болуы тиіс.
■
Тек Ұлыбритания үшін: жабдықтың қуат көзі кабелі 3 істікті вилкамен (жерге тұйықтай-
тын) жабдықталған, ол стандартты 3 істікті шнурлы розеткаға (жерге тұйықтайтын) жарам-
ды. Үшінші сұққышты (жерге тұйықтайтын) ешқашан кеспеңіз жəне шешпеңіз. Жабдықты
орнатқаннан кейін розетка қол жетімді болуы тиіс.
■
Көп штепсельді адаптерлер мен ұзартқыш кабельдерді пайдаланбаңыз
■
Қуат көзі кабелін жадбықтың қысылмағанына көз жеткізіңіз. Қуат көзі кабелін баспаңыз.
■
Суытқыш агенттің контурын зақымдап алмаңыз.
■
Жабдықтың артқы панелінде бірнеше портативтік розеткалады немесе портативтік қуат
көздерін қоймаңыз.
68