Текст страницы
1- Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат
KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
f Құрылғыны желіден ажыратқан кезде, кәбілден емес, айырдан ұстаңыз.
f Тоңазытқышты тазалау үшін қатты немесе сым щеткаларды, кір жуғыш затты,
бензинді, амилацетатты, ацетонды және соған ұқсас органикалық еріткіштерді,
сондай-ақ қышқыл немесе сілтілі еріткіштерді пайдаланбаңыз. Зақымдануды
болдырмау үшін тоңазытқышты арнайы жуғыш құралмен тазалаңыз.
f Аяз бен мұзды өткір заттармен қырып алмаңыз. Пластикалық бөлшектерге
зақым келтірмеу үшін еріту үшін аэрозольдерді, электр жылытқыштарын,
атап айтқанда шаш кептіргішті, бу тазартқышты немесе басқа жылу көздерін
пайдаланбаңыз.
f Жібіту процесін жеделдету үшін өндіруші ұсынғандардан басқа, механикалық
құрылғыларды немесе басқа құралдарды пайдаланбаңыз.
f Қуат беру сымы зақымдалған жағдайда, оны өндіруші, қызмет көрсетуші ұйым
немесе жеткілікті білім-білігі бар тұлғалар ауыстыруға тиіс. Әйтпесе, электр тогы
соғу немесе аспап бүліну қаупі бар.
f Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге тырыспаңыз.
Жөндеу қажет болған жағдайда біздің клиенттерді қолдау қызметімен
байланысыңыз.
f Өрт қаупін болдырмау үшін, сондай-ақ қуат тұтынуды арттыру үшін құрылғының
артқы жағындағы шаңды жылына кемінде бір рет тазалаңыз.
f Тазалау кезінде тоңазытқышқа ештеңе шашпаңыз немесе құймаңыз.
f Құрылғыны тазарту үшін су шаңын немесе буды пайдаланбаңыз.
f Суық шыны сөрелерді ыстық сумен жумаңыз. Температура күрт өзгергенде
шыны жарылып кетуі мүмкін.
Газ тәрізді суытқышагент туралы ақпарат
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрылғыда тез тұтанғыш ИЗОБУТАН (R600a) суытқышагент бар. Тасымалдау
немесе орнату кезінде салқындатқыш контурының зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Суытқыш агенттің ағып кетуі көздің зақымдануына немесе тұтануға
әкелуі мүмкін. Егер зақым анықталса, тоңазытқышты ашық от көздерінен
оқшаулаңыз, бөлмені мұқият желдетіңіз, қуат сымдарын одан немесе кез келген
басқа құрылғығп қоспаңыз немесе ажыратпаңыз. Тұтынушыларды қолдау
қызметіне хабарлаңыз.
Егер салқындатқыш көзге тиіп кетсе, оларды дереу ағынды сумен жуып, дереу
офтальмологқа жүгініңіз.
9