Текст страницы
Тоңазытқыш қауіпсіздігі
Күнделікті пайдалану
• Құрылғының температурасы мен ылғалдылығын одан әрі тиімді
реттеу үшін, сыртқы температура және ылғалдылық датчигін
орнатыңыз.
• Тоңазытқышта жанғыш газдар мен сұйықтықтарды сақтау
жарылысқа алып келуі мүмкін.
• Тоңазытқыштың ішінде, балмұздақ жасағыш немесе миксерлер
секілді электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.
• Қуат ашасынан суырар кезде, сымды тартқанның орнына,
розеткадан ашадан ұстап суырыңыз.
• Құрылғының пластик бөліктерінің жанына ыстық заттар
қоймаңыз.
• Тамақ өнімдерін артқы жақ қабырғасына ауа айналымын
жабатындай етіп тақап қоймаңыз.
• Алдын ала қапталған мұздатылған тағамды сақтау бойынша
өндірушінің нұсқаулықтарын орындаңыз.
• Осы нұсқаулықта көрсетілгендей, өндірушінің сақтау бойынша
ұсыныстарын орындаңыз.
• Газдалған немесе көпіретін сусындарды мұздатпаңыз, себебі
олар жарылып, тоңазытқышты зақымдауы мүмкін.
• Мұздатылған тағамды тікелей мұздатқыштан тұтыну үсік
тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны тікелей күн сәулесіне қаратып қоймаңыз.
09