Текст страницы
Тоңазытқышты пайдалану
Пайдалану бойынша жалпы
ақпарат
Тағамдарыңыз қауіпсіз әрі бұзылмаған
күйде қалуы үшін мына нұсқауларды
орындаңыз:
• Азық-түлікті салмас бұрын, құрылғы
алғаш пайдаланылған кезде немесе
ұзақ уақыт пайдаланылмаған соң,
кемінде 2 сағат жұмыс істеуі тиіс.
• Есікті ашық күйде ұзаққа
қалдырмаңыз. Бұл әрекет құрылғы
ішіндегі температураны әжептеуір
жоғарылатуы мүмкін.
• Ауа айналатын саңылауларды
сақталатын өнімдермен жаппаңыз.
• Тағаммен жанасқан беткейлер мен
дренаждық жүйелерді үнемі тазалап
тұрыңыз.
• Өнімдерді айналасында ауа айналымы
жүретіндей етіп қойыңыз.
• Сақталған тағамдар иіс шығармасы
үшін, оларды жақсылап жабыңыз
немесе ораңыз.
• Шикі ет немесе балық басқа
тағамдармен жанаспауы немесе
оларға тамып кетпеуі үшін оларды
тиісті контейнерлерде сақтаңыз.
• Жібітілген тағамның сапасы тез
нашарлайды. Жібітілген тағамды қайта
мұздатпаңыз.
• Алдын ала мұздатылған тағамдарды
сақтау, балмұздақ және мұз текшелерін
жасау үшін екі жұлдызды мұздатқыш
камераларын падаланыңыз.
• Бөтелкедегі немесе консервіленген
сусындарды мұздатқыш камерада
сақтамаңыз. Олар жарылуы мүмкін.
• Балғын тағамдар бір, екі немесе үш
жұлдызды камераларда мұздатылмауы
тиіс.
• Бөтелкелерді мұздатқышта ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз, өйткені
мұздатылғанда бөтелкелер сынуы
мүмкін.
Реті
Камера түрі
Сақтау темп.
[°C]
Тиісті тағам
1
Тоңазытқыш
+2~+8
Жұмыртқалар, пісірілген тағамдар,
оралған өнімдер, жемістер, көкөністер,
сүт өнімдері, торттар, сусындар және
басқа да мұздатуға болмайтын тағамдар.
2
(***)*-Мұздатқыш
≤-18
Теңіз тағамдары (балық, асшаяндар,
ұлулар), балғын су өнімдері және ет
(тағамдық құндылығы мен дәмі нашарлап
кетпесі үшін 3 ай ішінде тұтынған дұрыс).
Мұздатылған балғын тағам үшін қолайлы.
29