Текст страницы
Тоңазытқышты күту
Тазалау
• Цифрлық панелді және дисплей
панелін таза әрі жұмсақ матамен
тазалаңыз.
• Құрылғының бетіне су шашқанның
орнына шүберекті сулаңыз.
Бұл ылғалдың бір жерге ғана
шоғырлануының алдын алады.
Тоңазытқыш пен мұздатқыш
камераларының екеуін де мұз автоматты
түрде ери алады. Иістің пайда болмасы
үшін екі камераны да шамамен айына бір
рет тазалаңыз. Төгілген жерлерін дереу
тазалаңыз. Тағамның иісі тарап кетпеуі
және тағам кеуіп кетпеуі үшін оларды
мықтап ораңыз немесе жабыңыз.
• Есіктерді, тұтқаларды және корпустың
бетін жеңіл жуғыш затпен тазалап,
құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жарылыс қаупі
• Жанбайтын тазалағышты
пайдаланыңыз.
• Бұл талап орындалмаған жағдайда
өлімге, жарылысқа немесе өртке
алып келуі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ:
ЕСКЕРТУ
• Бетін сырып алмас үшін өткір
заттарды пайдаланбаңыз.
• Тоңазытқыштың қандай да бір
бөлігін сүрту үшін, қатты химиялық
заттарды, аммиакты, хлор ағартқышты,
шоғырланған жуғыш затты,
еріткіштерді, абразивтерді немесе
металл сүрткіштерді қолданбаңыз.
Олар тоңазытқыштың беткі қабатын
зақымдауы және/немесе түсін өзгертуі
мүмкін.
• Шыны сөрелер суық болып тұрғанда,
жылы су пайдаланбаңыз. Бұл
шынының сынуына себеп болуы
мүмкін.
• Еріткіш, көлікке арналған жуғыш зат,
хлор, эфир майлары сияқты қатты
химиялық заттарды немесе бензол
сияқты органикалық еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Олар құрылғы
бетін зақымдап, өрт қаупін тудыруы
мүмкін.
Сыртын тазалау
Ұдайы тазалап отыру арқылы
тоңазытқыштың сыртын әдемі ұстауға
көмектеседі.
32