Текст страницы
Лайықты ас үй ыдысын таңдау
• Тамақты индукциялық дайындауға жарамды ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Қаптама немесе ыдыс түбінен индукция белгісін
іздеңіз.
• Сіз ыдыс жарамдылығын магниттік тесті орындау арқылы тексере аласыз. Ыдыс түбіне магнитті жақындатыңыз. Егер түбі тар-
тылса, индукцияға жарайды.
• Егер сізде магнит болмаса:
1. Тексергіңіз келетін ыдысқа аздап су құйыңыз.
2. Егер дисплейде « » белгішесі көрсетілмесе жəне су қызып кетсе, ыдыс индукциялық пісіру панеліне жарамды.
• Келесі материалдардан жасалған ас үй ыдыстары индукциялық пісіру панеліне жарамсыз: таза тот баспайтын болат, магниттік
негізі жоқ алюминий немесе мыс, шыны, ағаш, фарфор, керамика жəне саз.
Жиегі тегіс емес немесе түбі тегіс емес ыдысты пайдаланбаңыз.
Ыдыс түбі тегіс, шыныға тығыз жуысуына жəне өлшемі конфоркамен бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Аздап кең ыдысты пайдалану
максималды тиімділікті қамтамасыз етеді. Диаметрі кіші ыдысты пайдаланған кезде, тиімділік күтілгеннен төмен болуы мүмкін.
Ірі конфоркаға диаметрі 140 мм кем ыдысты орналастырған жағдайда, пісіру панелі мəн бермеуі мүмкін.
Əрқашан ыдысты конфорканың ортасына орналастырыңыз.
Индукциялық пісіру панелінен көтеріп алыңыз - жылжытпаңыз, себебі ол шыныға сызат түсіруі мүмкін.
Дұрыс емес
(ыдыссыз)
Дұрыс емес
(конфоркадағы
ылғал)
Дұрыс емес
(өлшемі
үлкен)
Дұрыс
Дұрыс емес
(түбі ойық)
Дұрыс емес
(түбі дөңес)
Дұрыс емес
(өлшемі
шағын)
Ас əзірлеудің басталуы
1. Қосу/сөндіру (ON/OFF) батырмасын басыңыз.
Қуатты қосқанда, бір мəрте дыбыстық сигнал естіледі, барлық дисплейлерде « – « немесе « – – « көрінеді. Бұл
индукциялық пісіру панелі күту режиміне енгенін білдіреді.
2. Пайдаланғыңыз келген конфоркаға лайық келетін ыдысты қойыңыз.
• Ыдыс түбі мен конфорканың беті таза жəне құрғақ екеніні тексеріңіз.
3. Конфорканы таңдау аймағына қол тигізіңіз, батырманың жанындағы индикатор жыпылықтай бастайды.
4. «-» немесе “+” батырмаларына қол тигізіп, қуат деңгейін таңдаңыз.
• Егер бір минут ішінде қуатты таңдамайтын болсаңыз, индукциялық пісіру панелі автоматты түрде сөнеді. Бұл
жағдайда 1-қадамнан қайта бастау керек.
• Конфорканы таңдау батырмасына қол тигізіп, тамақ дайындау барысында, кез келген сəтте қуат баптауын
өзгерте аласыз.
Қыздыруды реттеу элементі(CHXY64TB/CHXY64TFB)
Индукциялық пісіру панелін қосыңыз жəне конфорканы таңдау батырмасын басыңыз. Батырманың жанындағы
индикатор 5 секунд бойы жыпылықтайды, осы уақытта қыздыруды реттеу элементінің көмегімен 0-ден 9
дейінгі қуатты таңдаңыз; қуатты арттыру үшін қыздыруды реттеу жүгірткісінде саусағыңызды солдан оңға
жүргізіңіз, ал қуатты азайту үшін - оңнан солға қарай жүргізіңіз.
6
Егер дисплейде “ ”белгішесі қыздыру баптауымен кезектесіп жыпылықтаса
Бұл мынаны білдіреді:
• ыдысты тиісті конфоркаға қоймадыңыз немесе
• пайдаланылатын ыдыс тамақты индукциялы дайындауға жарамсыз, немесе
• ыдыс тым кішкентай немесе конфоркада дұрыс орналаспаған.
6
Егер конфоркада лайықты ыдыс болмаса, қыздыру орын алмайды.
Егер конфоркаға лайықты ыдыс қойылмаса, онда дисплей бір минуттан кейін автоматты түрде сөнеді.
0
Тамақ дайындауды аяқтағаннан кейін
1. Сөндіргіңіз келген конфорканы таңдау батырмасына қол тигізіңіз.
2. Конфорканы сөндіру үшін, төмен қарай ”0”-ге дейін айналдырыңыз. Дисплейде ”0”, ал содан кейін - ”Н”
көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
3. Пісіру панелін толық сөндіру үшін «ON/OFF» батырмасына қол тигізіңіз.
4. Күйіп қалмаңыз! «Н» индикаторы қай конфоркалар қолмен ұстағанда, əлі тым ыстық екенін көрсетеді. Бет
қауіпсіз температураға дейін суыған кезде өшеді. Қалдық жылуды сонымен қатар электр энергиясын үнемдеу
үшін пайдалануға болады: егер басқа ыдысты жылытқыңыз келсе, ыстық конфорканы пайдаланыңыз.
!
Ескертпе: егер пісіру панелі сөндірулі болғанда, дисплейде «H» белгісі жанып тұрса,
индукциялық шынының температурасы бұрынғысынша өте жоғары екенін жəне
индукциялық шыныға қол тигізу күйіп қалудың себебі болуы мүмкін екенін білдіреді.
Ескертпе: пайдаланғаннан кейін тиісті батырманы басып, конфорканы сөндіріңіз. Ыдысты
табу датчигіне сенім артпаңыз.
H
5