Текст страницы
Пайдалану және техникалық қызмет көрсету Электр тогы соғу қаупі
• Сынған немесе шытынаған пісіру панеліне ас әзірлемеңіз. Егер пісіру
панелінің бетінде сынық немесе сызат болса, құрылғыны дереу электр
желісінен (қабырғадағы сөндіргіш) ажыратыңыз және білікті маманға
хабарласыңыз.
• Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін
қабырғадағы сөндіргіш көмегімен өшіріңіз.
• Бұл кеңесті сақтамау электр тогы соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Денсаулыққа қаупі
• Бұл құрылғы электрмагниттік қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.
• Дегенмен, жүрекширатқышы немесе басқа электрлі имплантаты (мысалы,
инсулин дозаторлары) бар тұлғалар имплантатқа электрмагнит өрісі әсер етпес
үшін бұл құрылғыны пайдаланар алдында өз дәрігерімен немесе имплантат
өндірушімен кеңесуге тиіс.
• Бұл кеңесті елемеу өлімге әкелуі мүмкін.
Ыстық бет қаупі
• Пайдаланғанда құрылғының қолжетімді бөліктері күйіп қалуға себеп болатын
температураға дейін қызуы мүмкін.
• Керамикалық әйнекке қандай да бір дене бөлігімен, киім немесе сәйкес
келетін ыдыстан басқа заттармен әйнек беті суығанша жанасуға болмайды.
• Пісіру панелінің бетіне пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ секілді металл
нысандар қоймаңыз, олар қызып кетуі мүмкін.
• Пісіру панеліне балаларды жақындатпаңыз.
• Кәстрөл тұтқасы ыстық болуы мүмкін. Кәстрөл тұтқасы ас дайындайтын
басқа жерге төніп тұрмауын қадағалаңыз Балаларды тұтқаға
жақындатпаңыз.
• Бұл кеңесті орындамау күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Кесу қаупі
• Сақтандырғыш қақпағын алғанда пісіру панелін тазалауға арналған
қырғыштың жүзі ашылады. Асқан сақтықпен қолданыңызжәне балалар үшін
қауіпсіз және олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Ескертуді елемеу жарақаттануға не кесіп алуға әкелуі мүмкін.