Инструкция индукционная варочная поверхность Haier HHY-Y64SVB

Ас әзірлеу бойынша нұсқаулық (стр. 58 из 70)

Бренд: Haier

Страница 58 документа Индукционная варочная поверхность Haier HHY-Y64SVB. Раздел: Варочные панели электрические. Бренд: Haier.

Текст страницы

Ас әзірлеу бойынша нұсқаулық

Қуырғанда май өте тез қызатыны есіңізде болсын, нақтырақ айтсақ,
PowerBoost функциясын пайдаланғанда. Температура тым жоғары
болғанда май өздігінен тұтанып, өрт қаупін тудырады.

Ас әзірлеу бойынша кеңестер

• Сұйықтық қызғанда қуатын азайтыңыз.
• Қақпақ қолдану жылуды сақтау арқылы ас әзірлеу уақытын азайтады
және энергия үнемдейді.
• Ас әзірлеу уақытын азайту үшін сұйықтық не май мөлшерін азайтыңыз.
• Жоғары температурада дайындай бастаңыз да, тағам қызғанда оны
азайтыңыз.

Бұқтыру, күріш әзірлеу

• Бұқтыру қайнау шегінен төмен, 85˚C-қа жуық температурада, қайнап жатқан
сұйықтық бетіне әлсін-әлсін көбік шығып тұратын жағдайда орындалады.
Бұл дәмді сорпа мен жұмсақ бұқтырған тағам әзірлеудің аса маңызды
шарты, өйткені дәмі жағымды болуына тағамды артық қайнатпау әсер
етеді. Одан бөлек, қайнау шегінен төмен температурада жұмыртқа мен
ұнға негізделген тұздықтар жасауға болады.
• Сіңіру әдісімен күріш дайындау секілді кейбір процестерде тағам кеңес
берілген мерзімде дайын болу үшін ең төмен температурадан жоғарылау
баптау қажет болуы мүмкін.

Стейк қуыру
Сөлді әрі иісі мұрын жаратын стейк әзірлеу:
1. Даярлау алдында етті 20 минуттай бөлме температурасында ұстаңыз.
2. Түбі қалың табаны қыздырыңыз.
3. Стейктің екі жағына май жағыңыз. Ыстық табаға аздап май шашып,

ет салыңыз. 4. Әзірлеу барысында стейкті бір рет қана аударған жөн. Нақты әзірлеу

уақыты оны қаншалықты қуырғыңыз келетініне байланысты. Әзірлеу
уақыты - шамамен әр жағын 2-ден 8 минутқа дейін. Стейктің дайын
болғанын тексеру үшін басып көріңіз – неғұрлым қатты болса, қуыру
деңгейі соғұрлым жоғары.
5. Дастарқанға қойғанда стейк жұмсару үшін оны бірнеше минут жылы

тәрелкеге салып қойыңыз.

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели электрические

Akpo PIA 6094119CC BL

29 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели электрические

Beko HII64401MTX

24 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели электрические

Bosch PXE831HC1E

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели электрические

Bosch PXE831HC1E

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Варочные панели / Варочные панели электрические

Candy CHXY32NB

29 стр.