Текст страницы
1.
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық POLARIS ирригаторының, моделі PWF 2001 W (бұдан әрі мәтін
бойынша – аспап) техникалық деректерімен, құрылымымен, пайдалану және сақтау ережелерімен танысуға
арналған.
2.
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Аспапты пайдалану «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану ережелеріне»
сәйкес жүргізілуі тиіс.
Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған
Осы аспапты пайдалануды бастар алдында «Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты» мұқият оқып
шығыңыз.
Аспапты іске қосар алдында әр кезде оны қарап байқап шығыңыз. Аспаптың және қуат беру
адаптерінің зақымдануы бар болғанда ешбір жағдайда адаптерді розетқаға қоспаңыз.
Аспап және қуат беру адаптері олар ыстықтың, тура күн сәулелерінің және ылғалдың әсеріне
ұшырамайтындай етіп сақталуы тиіс.
Іске қосылған аспапты қадағалаусыз қалдырмаңыз! Егер сіз үй-жайдан шығып кетсеңіз, қуат беру
адаптерін ылғи желіден ажыратып қойыңыз.
Бұл құрал физикалық, жүйке немесе психикалық ауытқулары бар немесе тәжірибе мен білімнің
жеткіліксіздігі бар адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына арналмаған, мұндай адамдарға
қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның осы құралды
пайдалануына қатысты оларға нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда. Балалардың аспаппен ойнауына жол
бермеу мақсатында қадағалауды жүзеге асыру қажет.
Аспапты суға немесе басқа қандай болса да сұйықтыққа қоймаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған басқа
ыдыстар маңында пайдаланбаңыз.
Құрылғыны тазалар алдында және оны қуат көзіне қосар алдында аспап толығымен кепкеніне көз
жеткізуді сұраймыз.
Желілік айырды тек қана айнымалы ток көзіне (~) қосыңыз. Қосар алдында құралды желіде
қолданылатын кернеуге арналған екеніне көз жеткізіңіз.
Кез келген қате қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құралды өткір бұрыштарға соғылудан сақтаңыз. Пайдалану аяқталған кезде, құрал сынғанда немесе
тазалау кезінде оны үнемі желіден өшіріңіз.
Сондай-ақ аспапты желілік бауысмнан ұстап сөндіруге тыйым салынады. Аспапты желіден
ажыратқанда желілік айырдан ұстаңыз.
Адаптерді дәл осындай модельдің ұқсас түпнұсқа адаптеріне ауыстыруға болады, білікті мамандар -
сервистік орталық қызметкерлерінен кеңес алыңыз. Біліксіз жөндеу пайдаланушы үшін тікелей қауіп
төндіреді.
Пайдаланудан кейін ешқашанда да электрлік қуат көзі желісін құралды айналдырып орамаңыз, себебі
уақыт өте келе сымның сынуына әкелуі мүмкін. Сақтау уақытында сымды үнемі түзулеп ораңыз.
Аспапты жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылуы мүмкін.
Аспапты құлағаннан кейін, егер зақымданудың көзге көрінетін белгілері бар болса, пайдаланбау керек.
Аспап пайдаланар алдында білікті маманмен тексерілуі тиіс.
Егер сіз аспапты пайдаланбасаңыз, оны үнемі желіден ажыратып қойыңыз.
Желілік баусымның ыстық және үшкір беттермен жанасуына жол бермеңіз. Желілік баусым
оқшауламасының зақымдануына жол бермеңіз.
Тек қана жиынтыққа кіретін қондырмаларды пайдаланыңыз.
Аспап жеткізілімі жиынтықтамасына кірмейтін аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет
көрсету құқығынан айырады.
30