Текст страницы
• Резервуары сусыз болған құрылғыны іске қоспаңыз, су қалдықтарын ағызу және резервуарды құрғату
қажет болған жағдайларды қоспағанда. Құрылғының сусыз жұмыс істеуі оның сынуына немесе
аспаптың қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкелуі мүмкін.
Пайдаланғаннан кейін
1. Егер аспапта ерітінді немесе шайғыш қолданылған болса, міндетті түрде оның қалдықтарын төгіңіз және,
ирригаторды максималды қысым режимінде іске қосып, оны таза сумен жуып-шайыңыз.
2. Суға арналған резервуарды шешіп алыңыз және одан суды ағызыңыз.
3. Аспаптан су қалдығын ағызу үшін аспапты судың максималды қысымы режимінде іске қосыңыз.
4. Аспапты желіден ажыратыңыз және оны жұмсақ құрғақ матамен сүртіп алыңыз.
5. Қондырманы бекітетін батырманы басыңыз және қондырманы шешіп алыңыз, содан кейін оны
қондырмаларды сақтауға арналған бөлікке салыңыз.
6. Адаптерді аспапатан ажыратыңыз.
9.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Резервуарды аптасына 1 рет температурасы 50оС-ден аспайтын сумен жақсылап жуу ұсынылады.
• Егер ұштықтарды ауыстыру қажет болса, осы модельге арналған түпнұсқалық ұштықтарды
пайдалануды сұраймыз. 1 ұштықты пайдаланудың қсынылатын уақыты – 6 ай.
• Әр пайдаланғаннан кейін ұштықты жылы ағынды сумен жуып-шаю керек. Қажет болған жағдайда
бетті тазалау үшін жұмсақ мата мен сабынды пайдалануға болады.
Қондырмалардың зарарсыздандырылуын оларды 5-10 минутқа аталған ерітінділердің біріне орналастыру
жолымен жүргізуге болады: сутегінің 3% асқын тотығы, хлоргексидиннің 1% ерітіндісі. Содан кейін
қондырмаларды жылы сумен жуып-шайыңыз.
Сонымен қатар қондырмалардың зарарсыздандырылуын ультракүлгін тазартқышта жүргізуге болады.
• Ұштық пайдалану барысында деформацияланған жағдайда оны бірден ауыстыру қажет.
• Тазалу үшін органикалық еріткіштерді және қажақ материалдарды, сондай-ақ ирригатор
жабынын бүлдіруі мүмкін болатын үшкір заттарды пайдалануға тыйым салынады.
• Аспапты ыдыс жуатын машинада жумауды сұраймыз.
10.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
•
Электр аспаптары қоршаған ауаның температурасы плюс 40ºС-ден аспайтын, салыстырмалы
ылғалдылығы 70%-дан аспайтын және қоршаған ортада электр аспаптар материалдарына теріс әсер ететін
шаң, қышқылды және басқа да булар болмайтын жабық құрғақ және таза үй-жайда сақталады.
•
Егер сіз аспапты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батареяны толығымен қуаттандырыңыз,
оны электр қуат көзінен ажыратыңыз және ирригаторды күн сәулесінің көзі жоқ жабық құрғақ үй-жайда
сақтаңыз.
•
Егер сіз аспапты бір апта және одан ұзақ пайдаланбауды жоспарласаңыз, суға арналған ыдысты ішінен
және сыртынан құрғатыңыз.
Тасымалдау
Электр аспаптарды нақты түрдегі көлікте қолданылатын жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес көліктің
барлық түрлерімен тасымалдайды. Аспапты тасымалдағанда зауыттық түпнұсқа ораманы пайдаланыңыз.
35