Текст страницы
28
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДА-
ЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып саналмайды.
• Кофеүккіш сүт көбігін дайындауға, кофе дәндерін
ұсақтауға арналған, кез-келген жармаларды
немесе дәнді дақылдарды, құмшекерді немесе
кесек қантты ұсақтау үшін құрылғыны пайдалануға
тыйым салынады.
• Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
Кофеүккіштің жұмыс циклі ұзақтығы 45 секунд-
тан аспауы керек.
Капучинатордың жұмыс циклінің ұзақтығы 60
секундтан аспауы керек.
• Кофе дәндерінсіз құрылғыны қосуға тыйым
салынады.
• Қақпақты шешіп алыңыз және пышақтар толық
тоқтатқаннан кейін ғана ұнтақталған кофені
алыңыз.
• Сүт көбігін дайындаған кезде әрқашан сүт мөл-
шерін бақылаңыз, саптамаға 140 мл-ден астам
сүт құймаңыз.
• Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану ұсыныл-
майды.
• Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Электр желісіне қосылған кофеүккішті қараусыз
қалдырмаңыз.
• Құрылғыны жылытатын аспаптардың, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей қасында пайда-
ланбаңыз.
• Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
• Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
• Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету
үшін сервис орталығына жүгініңіз.