Текст страницы
41
KZ
• Кофеқайнақышты ас үй раковинасына жақын,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да
су толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
• Құрылғы суға құлап кеткен жағдайда, дереу желі
бауының ашасын электр розеткасынан сурыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығыңыз.
Құрылғыны тексерту немесе жөндету үшін сервис
орталығына жүгініңіз.
• Кофеқайнатқышты жылу көздерінің, жылыту ас-
паптарының немесе ашық оттың тікелей жанында
пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тый-
ым салынады.
• Кофеқайнатқышты тегіс және тұрақты бетке орна-
тыңыз, оны үстелдің шетіне қоймаңыз. Желі бауы-
ның үстелден салбырап тұруына жол бермеңіз, со-
нымен бірге оның ыстық беттермен және жиһаздың
өткір жиектерімен жанаспауын қадағалаңыз.
• Кофеқайнатқышты ыстық беттерге қоймаңыз.
• Қуаттандыру бауы мен қуаттандыру бауының аша-
сына сулы қолмен тиісуге тыйым салынады.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін кофеқайнатқыш бөл-
шектері мен жабдықтарын ғана пайдаланыңыз.
• Кофеқайнатқышты қосар алдында барлық шешіл-
мелі бөлшектерінің дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Суқоймадағы судың деңгейі минималдық белгіден
төмен болмауын қадағалаңыз.
• Суы жоқ кофеқайнатқышты қоспаңыз.
• Кофенің шыны құтысының зақымдануын болдыр-
мау үшін, оны абайлап ұстаңыз!
• Құтыны басқа мақсаттар үшін пайдаланбаңыз,
оны электр және газ пештеріне қоймаңыз, құтыны
қысқа толқынды пештерде пайдаланбаңыз.
• Кофеқайнатқышты кофеге арналған құтысы орна-
тулы тұрған кезде ғана пайдаланыңыз.
• Кофе әзірлеу барысында құтыны қыздыруға
арналған тұғырдан шешіп алмаңыз.
• Бос құтыны қыздыратын алаңшада қалдырмаңыз,
және температураның кенет ауытқуына жол
бермеңіз, кері жағдайда құты шынысы шытынап
кетуі мүмкін.
• Ыстық шыны құтыны суық бетке қоймаңыз.
• Егер шыны құты бүлінген болса, кофеқай-
натқышты пайдаланбаңыз.
• Күйік алуға жол бермеу үшін кофе әзірлеу
барысында және оны сөндіргеннен кейін бірден
кофеқайнатқыштың ыстық беттеріне қолыңызды
тигізбеңіз. Кофеқайнатқышты салқындатыңыз.
• Кофе дайындау кезінде су будың қысымымен
ұнтақталған кофеден өтеді, сондықтан кофеқай-
натқыштың үстіне төнуге, сұйыққойма қақпағын
ашуға және шешілмелі сүзгіні шығаруға тыйым
салынады.
• Тазалау және жабдықтарын шешу алдында
құрылғыны толығымен суытыңыз.